Британ газетінің шолуында:

  • "Путинтану" толыққанды БАҚ желісі ретінде
  • Британия ЕО мигранттары үшін ашық болып қалмақ

 

Путин туралы жеке бағытқа айналған танымал жеті медиа-теория

Guardian газеті әйгілі журналист Кит Гессеннің «путинтану» жаңа медиа-бағытын толығырақ талдауға арналған өте аумақты, келеке мен мысқылға толы мақаласын жариялады.

«Владимир Путинді-сұмдық құбыжық деудің 10 себебі», «Путин ашуының жасырын дереккөзі», тағысын тағысы сияқты атаулы сансыз мәліметтер газет пен сайттарда күн сайын пайда болады  Путин және оның мақсаттары туралы жаңа бағыт - сараптамалар мен талдаулар өндірісіне жиналады, -  деп түйіндейді автор.

Соңғы он күндікте мұндай мәтіндер өндірісі  бүтін жарқын индустрияға айналды, шыны керек, бұл материалдар Guardian авторының ойынша, ішінара, толық емес, тіпті жалған ақпаратқа негізделген. Сәтті бағыт «путинтану» аясында ресей президентінің америкалық сайлауға араласқаны туралы репортаждар жарияланған кезде соңғы айларда дамыды.

Гессен оқырмандарға путинтанушылардың бізге не жайлы айтып жатқандарын түсіндіруді шешті. Ол, автордың ойынша, толық жалған және толық даусыз емес мақалалардан негізгі жеті теорияны белгіледі. Олардың барлығы Путин туралы емес, біз жайлы әлдеқайда көбірек айтады, - дейді ол.

Автор көбіне мына мәліметтерде өңделетін негізгі жеті путиндік теорияны талдайды: «Путин-данышпан», «Путин-мүсәпір», «Путин-МҚК агенті», «Путин-қанішер», «Путин-клептократ», «Путин инсульт алды» және «Путинді Ленин секілді Владимир деп атайды». Путиннің кінәсіне қойылған жеті бөлімге әртүрлі ойлар жаза отыра, Гессен путиндік теориялардың негізгі мәселесі олардың тұрақсыздығында, дәлелдер жиі өсекпен араласқан, ал болжамдар аксиомаларға берілген.

Бұл өзіндік тұрақсыздық, автордың ойынша, «Путин-қанішер» теориясында «тұжырымдамалық ақ дақтар» толығырақ көрінеді. Мақалада «Біздің Ресейдегі қолымызда бары» - бұл қалыптаспаған мемлекет емес, мұнда үкіметте билік жоқ, толық билігі бар тоталитарлық мемлекет емес, екеуінің  арасындағы мемлекет» делінеді мақалада. Путин адам өлтіруге бұйрық бермейді, бірақ болып жатыр. Путин Қырымды алуға бұйрық берді, бірақ шығыс Украинаға басып кіруге бұйрық бермеген сияқты. Бірақ Путин мұның бәріне жауап бермесе, «путинтанудың» мәні неде? Бұл жайлы «путинтану» жасырады.

Бұл ойдың авторы  коммунизмнің аяғы Ресейдің өзінің басты міндеті – Еуропаны тұрақсыздандырудан бас тартқаны емес, ал Путин Ленин сияқты Владимир Ильич деп кездейсоқ аталмайды деп оқырмандарға ескертеді. Ол мақала соңында дұрысталды, бірақ сарапшы ретінде Путиннің есімін де білмейтін, бірақ оның есіміне толық теория құрған автордың қатысуы – «путинтанудың» жоғары дәрежесі немесе оның түбі деп белгілейді Гессен.

Бұл «путинтанудың» көп бөлігінің ешқашан Путин туралы болмағандығының белгісі. «Әрине, бұл есуас-нәркесті (Трамп) біз өзіміз таңдай алмаймыз, әрине, оны бізге әлдекім күшпен байлап қойды», -деп түйіндейді автор.

 

«Брексит» шығысеуропалық келімсек жұмыскерлерді айналып өтеді 

 «Британия ЕО мигранттары үшін ашық болып қалмақ»,-  тақырыбында Times сейсенбіде жасалған«брексит» істері бойынша министр өтінішіне түсінік беретін мақаласын жариялайды.

Британдықтар бірнеше жылдар көлемінде елдегі барлық жұмыс орындарын толықтыруға қауқарсыз дейді Дэвид Дэвис.

Таллиндегі іссапары кезіндегі сөз сөйлеуінде британдық министр  үкіметке ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік қамту саласында төмен маманданған жұмысшылар үшін елдің есігін ашық ұстау керектігін мойындады.

Оның сапарынан соң ресми үкіметтік мәлімдемеге енгізілмеген Дэвистің өтініші елдегі жыл сайынғы көші-қонды жүзден ондаған мың адамға қысқарту мақсатын қойған  премьер-министр Тереза Мэйдің тапсырмасының жүзеге асырылуын қиындатады деп санайды газет ұжымы.

«Британдық азаматтар қонақжай мен мейрамхана,  әлеуметтік қамту секторын, ауыл шаруашылығы саласындағы бос орындарды толтырғанша қаншама жылдар өтеді»,- деді ол. Елдегі көші-қон туралы шешімдер енді Брюссельде емес, Лондонда қабылданатындықтан, Британия есігі бірден жабылады деп ойламаңыздар! Жоқ, жағдай өзгермейді.

«Біздің экономика сәтті жүріп келеді»,- деп жалғастырды министр,-себебі Британияға көптеген ақылды, дарынды адамдар келеді.

Бұл өтініштер көптеген консерваторларға ұнамады және өткір сынға тап болды дейді газет.

Иэн Данкан Смит Дэвид Камерон үкіметіндегі еңбек істері бойынша бұрынғы министр, елдегі мигранттар санын азайту Дэвид Дэвис айтқандағыдан да ерте уақытта үкіметтің қолынан келеді деп сенеді. «Бұл әлдеқайда ерте болатынына кәміл сенемін» дейді ол.

Ал Аарон Бэнкс, миллионер, Британияның тәуелсіз партиясының басты донорларының бірі және елдің ЕО-тан шығу бойынша компания қозғаушысы Дэвистің өтінішін әбден таңғаларлық деп атады.

ЕО-ғы мигранттар жұмыс істейтін кейбір жұмыс орындары  аға ұрпақпен толтырылуы мүмкін. «Кофеханада 55 жаста да жұмыс істеуге болады» деді үкімет басшысының өкілі. Сонымен қатар үкімет кейбір салаларда, әсіресе, ауыл шаруашылығында әрқашан мигранттар уақытша жұмысшылар есебінде пайдаланылды және ондағы жағдайдың өзгеруі екіталай дейді.

Бүгінде фунт стерлинг бағамының төмендеуі, жұмыссыздықтың төмен деңгейі және шығыс еуропалықтардың елден шеттетілуі жұмысшыларды жалдауды қиындата түсті.

Жазғы кезеңде Британияға көкөністер мен жемістер өнімін жинау үшін 75 мың маусымдық жұмысшы керек. Олардың басым бөлігі Болгария, Румыния, Польшадан келеді. 2021 жылға дейін бұл көрсеткіш 95 мыңға жетеді деп күтіледі.

Фариза Мұқанова

"The Qazaq Times"