Германияда өткен «Берлинале» халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздары белгілі болды.
Нandelsblatt.com неміс басылымының хабарлауынша, «Берлиналеде» биыл төрт жүз фильм бақ сынаған. Жыл сайын үздіктерді анықтайтын шараға әлемнің түкпір-түкпірінен төрт мыңға жуық журналист келген. Басты кинопремия саналатын «Алтын аю» жүлдесін тұңғыш рет израильдік режиссер Надав Лапидтің «Синонимы» фильмі иеленді. Израильдік азаматтың өмірі жайлы түсірілген фильмнің бас төрешісі – франциялық Жульет Бинеш.
Жыл сайын дәстүрге айналған байқауда «Ең үздік режиссер» номинациясымен неміс режиссері Ангела Шанелек, ал «Ең үздік актриса» аталымы бойынша «Қош бол, ұлым!» кинокартинасында басты рөлді сомдаған қытайлық Юн Мэй марапатталды.
Айта кетейік, Берлинале – күллі әлемнің жас режиссерлері, актерлері мен сценаристері қатысатын халықаралық фестиваль. 9 ақпанда басталған фестивальдің қазылар алқасында Франция актрисасы, «Оскар» жүлдесінің иегері Жюльет Бинош төрағалық етті.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті