Ауғанстандағы Талибан ұйымының мәлімдемесінде, АҚШ президенті Дональд Трамптың аталған ұйымды Ауғанстандағы «ресми тараптардың» бірі ретінде атағанын жоғары бағалап, Уашингтонның Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға көмектесетініне сенім білдірген.
Өткен аптаның соңында мәлімдеме таратқан тәліптер, Трамптың одақтас елдерімен өткізген кездесуінде Талибан ұйымын террорлық ұйымдардан бөлек ресми тарап ретінде атап өткенін алға тартады. Сондай-ақ, Трамптың бұл көзқарасы келіссөздердің алға дамуына көмектеседі деп қарайды.
Былтыр күзден бері Талибанмен 18 жылдық келіспеушіліктерді шешу мақсатында келіссөздер басталды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидың бірнеше рет соғыс тоқтату және келіссөзге шақыру әрекеттері толық нәтиже бермегенімен, Талибандарды біртінде келіссөз үстеліне келтіре алды. Қаңтардың соңында және ақпан айының бас шенінде Уашингтон мен Мәскеудің өкілдері Ауғанстандағы тәліптерді келіссөзге шақырды.
Бүгін АҚШ пен Талибанның өкілдері Пәкістанда келіссөздің екінші кезеңін бастайды.