Бүгін Сочиде Ресей, Иран және Түркия арасында Сүрия мәселесін тақырып еткен келіссөз өтпек. Соған байланысты Сүриядағы Башар Асад режимі мен оппозицияға қарасты қарулы күштер тұтқындарды алмасты.
Бұл жолы Сүрия үкіметі мен оппозиция арасында Ресей мен Түркия кепілгер болған. Мәліметтерге қарағанда, әр тарап 20 тұтқыннан босатқан. Үкімет тарабы босатқан 20 адамның арасында оппозиция талап еткен екі бала да бар.
Сүриядағы үкімет пен оған қарсы күштер арасында тұтқындар мәселесі Астана отырысы кезінде қолға алынған. Содан бері екі мәрте тұтқындарды алмасты. Бұдан бұрын 2018 жылы 24 қарашада он-оннан тұтқын босатып, алғашқы символдық қадамын жасаған.
Мәліметтерде айтылуынша, Башар Асад түрмеде 500 мың адамды тұтқында ұстап отыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы