Қытай билігі Венесуэла оппозициясымен келіссөздер жүргізуде.

«The Wall Street Journal» басылымының мәліметінше, Қытай дипломаттары Венесуэла оппозиция өкілдерімен мемлекеттің «сыртқы қарыздары» мен «мұнай контрактілері» жөнінде астыртын келіссөздер жүргізуде.

Қытай ресми Венесуэла президенті Николас Мадуроны қолдағанымен соңғы екі аптада Уашингтон қаласында оппозиция өкілдерімен бірнеше мәрте кездескен. Кездесулер барысында Қытай тарапы оппозиция өкілдерімен Венесуэлада билік ауысқан күнде ресми Каракастың Бейжің алдындағы қарыздарын қайтаруы және Венесуэлаға салынған Қытай инвестицияларының тиісті деңгейде қорғалуы жөнінде келіссөздер жүргізген.

"The Qazaq Times"