Түркияның Стамбул қаласындағы Шекмекей тұрғын ауданына әскери тікұшақ құлады. Апат болған оқиғадан төрт әскери қызметкер қаза тапқан. Бұл туралы Стамбул қаласының мэрі Әли Ерликайя хабарлады.
4 Түркия әуеполкіне тиесілі тікұшақтың қандай жағдайдан құлағандығы белгісіз. Әуеде 34 минут қалықтаған тікұшақтың оқиғасына байланысты Стамбул қаласының прокуратурасы тергеу жұмыстарын бастады.
Естеріңізге сала кетейік, аталған жағдай соңғы үш айда Стамбулда болған екінші қайғылы жағдай. Қараша айының соңына қарай арнайы жаттығу барысында тағы бір тікұшақ қала ортасындағы тұрғын үйлердің маңына құлап төрт сарбаз қаза тапқан болатын.