Ауғанстан президенті Ашраф Ғани бір күн бұрын жасаған мәлімдемесінде, Ауғанстандағы тәліптермен келіссөз жүргізуді қабылдайтынын айтты. Ол бұл мәлімдемесін тәліптер бақылауында тұрған Нангархар провинциясына жасаған сапары кезінде жасаған.
«Рейтер» агенттігінің хабарына қарағанда, президент Ғани тұрақты және мәңгілік бейбітшіліктің орнауын қалайды. «Егер Талибан тарабы қабылдайтын болса, күні ертең-ақ, Кабулда, Кандахарда немесе Нангархарда келіссөз жүргізуге болады», – дейді Ашраф Ғани.
Дегенмен, тәліптер президент Ғанидың сөздеріне сене бермейтінін білдірді. Талибан ұйымының Катардың Доха қаласында жұмыс кеңсесі бар екені белгілі. Тәліптер осы арқылы өзге елдермен келіссөз және өзге де байланыстарды жүргізіп отыр. Талибанның өкілі «Рейтер» агенттігіне берген жауабында: «Біз Дохадағы осы жұмыс кеңсесінің халықаралық ұйымдар мен БҰҰ жағынан мойындалуын қалаймыз. Ал, Ғани болса Талибанның ресми мойындалуы мен бейбітшілік орнату процесіне қарсы», – деген.
Тәліптер жақында Доха қаласында Құрама Штат өкілдерімен бірнеше раунд келіссөз өткізгенімен, Ауғанстан үкіметімен келіссөз жүргізуден бас тартқан.
АҚШ-тың Ауғанстандағы тұрақты өкілі 8 ақпанда жасаған мәлімдемесінде, шілдеде болатын Ауғанстандағы президент сайлауына дейін жергілікті үкімет пен тәліптер арасында келіссөз табысқа жетеді деп үміттенетінін, әрі соған күш салатынын айтқан.
Ғани болса, АҚШ-тың бір ғана тәліптермен келіссөз өткізуіне қарсы екенін, Ауғанстан болашағы туралы шешімде ауған халқының шешім жасау құқығының бар екенін ескерткен.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау