Жақында Батыс ақпарат құралдары Бельгияның орталық қаласы Брюссельде Қытайдың 250-ге жуық тыңшысының жүргенін хабарлаған. Бұл хабар Батыс ақпарат құралдарына тарағаннан кейін Бельгия және ЕО-ға мүше елдердің алаңдаушылығын тудырды. Ал, Қытайдың Бельгиядағы бас елшісі бұл туралы арнайы мәлімдеме жасады.
Қытайдың Бельгиядағы бас елшісі Цау Жоңмиң 10 ақпанда жасаған мәлімдемесінде Қытай тыңшылары туралы хабарды теріске шығарып, «негізсіз және бүтіндей ойдан құрастырылған әңгіме» деп бағалаған. Ол сөзінде: «Қытай Бельгияны қамтыған барлық елдермен достық қарым-қатынасты дамытуға күш салып келеді. Кейбір күштер Қытай үкіметін қаралау мақсатында бөтен ниетпен осындай хабарларды таратып отыр», – деген.
Қытай елшісінің айтуынша «кейбір күштер» Қытай мен ЕО-ның қарым-қатынасына кері әсер етуге тырысқан. Алайда, Цау Жоңмиң бұл туралы батыстық журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартқан.
Қазіргі кезде бірқатар Батыс елдері Қытайдың технология компанияларын тыңшылықпен айналысады деген күдікпен тексеруге алған. Айталық, Ұлыбритания қытайлық Huawei компаниясының жабдықтары Британияның телекоммуникация қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп қарайды.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес