Франция астанасы Парижде «сары жейделілер» он үшінші рет ереуіл ұйымдастырды. Бұл туралы ресми АР мәлімдеді.
Ереуіл соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласып, салдарынан тоғыз тәртіп сақшысы жарақат алды және 36 адам қамауға алынды. Наразы топ көше бойындағы дүкендер мен кеңселерді қиратқан.
Europe1 радиосының хабарлауынша, Франция президенті мамырдан бастап барлық еңбек жалақысына кем дегенде 100 еуро қосылатындығына уәде берді. Сондай-ақ, дағдарыс кезінде оны еркін басып өту үшін әрбір компания өздерінің қызметкерлеріне жылдық бонус төлеуі тиіс. Осылайша, Франция үкіметі халық талабын ескеретінін білдірді. Дегенмен, француз халқының біраз бөлігі Макронның уәдесіне сенім білдіре қоймады. Президент Макрон 2019 жылдан бастап Франция экономикасы бұрынғыдан нығайып, жұмыс берушілерге жыл соңында қызметкерлеріге сыйақы төлеуді міндеттеп, зейнеткерлер мен азаматтарға қосымша табыс салығын алып тастайтынын мәлімдеген.
Еске сала кетейік, 17 қарашадан бері Францияда жанармай акцизін көтеруге қарсылық акциялары өтіп жатыр. Кей аймақтарда шерудің соңы тәртіпсіздікке ұласып, бес жүзден астам адам ұсталды.