Венесуэла президенті Николас Мадуро Ақ үй басшысы Дональд Трампқа хат жолдады.
Мадуро хатта АҚШ-тың Венесуэла істеріне араласуын тоқтатуын және бұл іске қарсы кемінде он миллион қол жинап, акция өткізетінін айтқан. Осыған дейін Гуайдоға қолдау көрсеткен Трамп Си-би-эс телеарнасына сұхбат беріп, Венесуэлаға сыртқы күштің араласуы «қақтығыстарды ушықтырады» деді. Ал Мадуро Трампқа «Венесуэла екінші Вьетнам болатынын» ескертті.
АҚШ пен басқа да көптеген елдер Николас Мадуроны мемлекеттің заңды басшысы деп санамайды. Еуропарламент және өзге де мемлекеттер өткен аптада өзін президент міндетін атқарушы деп жариялаған Венесуэла оппозициялық Парламентінің көшбасшысы (Ұлттық ассамблея) Хуан Гуайдоны елдің лигитимді басшысы ретінде таныды. Ал Ресей және Қытай «диктатор басшы» атанған Мадуроға қолдау білдірді. Сонымен қатар, өткен аптада Испания, Германия, Франция, Ұлыбритания, Нидерланды, Португалия және Аустрия Мадуро билігіне ультиматум қойды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді