Украина алдағы уақытта НАТО мен Еуропалық Одаққа мүше болмақ. Бұл туралы BBC хабарлады.

Одаққа қосылу туралы заң жобасын президент Петр Порошенко ұсынып, Украинаның Конституциялық соты бұл шешімді мақұлдаған. Осы мақсатта Украина Конституциясына «мемлекеттің стратегиялық бағдары –НАТО мен ЕО құрамына кіру» бөлімі енгізілді. Аталған заң жобасын енгізуге қатысты парламенттегі 355 депутаттың 300-і қолдап дауыс берген. Мұнымен қоса Украина депутаттары «елдегі сайлауға Ресей бақылаушыларының қатысуына тыйым салу туралы заң жобасын» қабылдады. Жобада көрсетілгендей, «Жоғары Рада агрессор ел деп таныған мемлекеттің азаматы сайлауға бақылаушы бола алмайды» деп бекітілді.

Осыған дейін Жоғары Рада депутаты, «Петр Порошенко блогы» фракциясының бірінші орынбасары Игорь Кононенко Меркельмен кездесу ұйымдастырып, Украинаның НАТО мен Еуропалық Одақ құрамына енуі туралы жан-жақты талқылаған болатын. Ол «еуропацентризмге ену үшін бес жыл да жеткілікті» екендігін айтқан. Ал НАТО-ның парламенттік ассамблеясы «агрессорлық Ресейдің қауіп-қатеріне қарсы тұру үшін» Украинаны альянсқа қосуды талқылаған. Алайда, Мәскеу тарапы Шығыс Еуропада басқыншылық саясат жүргізіп отырғанын түбегейлі жоққа шығарды.

"The Qazaq Times"