Ауғанстандық «Талибан» қозғалысының мүшелері Ресейдегі ымыраластық келіссөзге қатысты. Бұл туралы ресми Reuters агенттігі мәлімдеді.
Келіссөзде «Талибан» радикалды қозғалысы ұйымының өкілі Шер Мохаммед Аббас Станикзай өздеріне салынған санкцияларды алып тастау туралы ұсыныс білдірген. Делегация басшысының айтуынша, санкциялық шектеу қозғалыс ұйымына бейбіт келссөздерге қатысу үшін кедергі келтіреді.
Кремль ұйымдастырған басқосуға жалпы саны он екі елдің мүшелері қатысады деп жоспарланған. Олардың қатарында Қытай, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан мен «Талибан» өкілдері бар. Ал АҚШ Ресейді «содырларға заңсыз түрде қару-жарақ жеткізеді» деп сынға алды. Сол себепті Құрама Штаттары мен Ауғанстан үкіметі бұл жиынға қатысудан түбегейлі бас тартты.
Осыған дейін CNN арнасы ресейлік Калашников, снайперлік винтовкалармен қаруланған «Талибан» қозғалысының содырлары бейнеленген бейнеролик пен фото көрсеткен болатын. Ал НАТО, АҚШ және Еуроодақ елдерінің біріккен әскери күштерінің басшысы Кертис Скапаротти Ресейді «Талибан» қозғалысын қолдап отыр деп айыптаған еді. Бұдан бөлек «The Times» басылымы Ресей Өзбекстан арқылы Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысына тегін мұнай жеткізіп отырғанын, ал қозғалыс мүшелері өз кезегінде мұнайды сату арқылы айына 2,5 миллион доллар көлемінде пайда тапқанын жазды.
Айта кетейік, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі мен Ресей Жоғары соты аталған ұйымды террорлық топ деп танығанмен, бейбіт шараға шақырту берген. Шетелдік және орыстілді БАҚ Ресейдің бұл қадамын «террорлық топтарды қолдаушы» деп бағалады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті