Қарағанды қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, үш бала газға уланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар қызметі хабарлап отыр.
4 ақпан күні түнгі сағат 22:00 шамасында Қарағандының Октябрь ауданында өрт шығып, 22:12-де өрт сөндіру қызметіне хабар келіп түскен. Тез арада іске кіріскен мамандар жарты сағаттың ішінде толықтай өртті сөндіріп, тоғыз қабатты тұрғын үйдің өзге мекендерін аман алып қалған. Сонымен бірге оқиға болған үйдің ішінен 2011,2014 және 2018 жылғы үш бала газға уланып қалғандығы да анықталды. Қазіргі таңда өрттің неден шыққандығы тексерілуде.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі күн бұрын Астана қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған өрт салдарынан бес бірдей бүлдіршін көз жұмды. Әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде қайғылы оқиғаға қабырғасы қайысып, көңіл айтқан жұрттың санында есеп жоқ. Аталған қайғылы оқиға өрттің салдарын ғана қамтымай, әлеуметтік жағдайдың төмендігінен хабар бергендей болды. Себебі, қараусыз қалған бүлдіршіндер сол түні ата-анасының қарауынсыз қаған.