Ақтөбе қаласында ноутбук ұрламақ болған полиция қызметкері сотталды.
Diapazon.kz сайтының мәліметінше, Ақтөбе қаласының Заводской полиция бөлімшесінің тергеушісі Қалдаяқов көшесінде орналасқан дүкендердің бірінен ноутбук ұрламақ болған сәтінде ұсталған. Сот шешімі бойынша, «тәртіп сақшысы» 400 сағат қара жұмысқа, ал дүкен тонаудағы серігі 600 сағат қара жұмысқа кесілген.
Жалпы, 2019 жыл басталғалы бері ІІМ маңынан дау арылмай тұр. Осыған дейін қаңтар айының басында Қарағанды Ішкі істер департаменті академиясының қызметкері елді ресейлік телехикаялардың біріндегі криминалды авторитет «Антибиотиктің» сөзімен құттықтап, қызметінен кетуге мәжбүр болған.