БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Венесуэладағы «уақытша үкіметтің басшысы» Хуан Гуайдоның хатына жауап берді. Венесуэла оппозиция күштерінің лидері Хуан Гуайдо осыдан бұрын әлеуметтік желі арқылы БҰҰ бас хатшысына хат жолдап, еліне гуманитарлық көмек беруді сұраған еді.

Венесуэла оппозициясының лидері Хуан Гуайдо. фото: Радио Свобода.
Гутерриш хатында Венесуэладағы тұрақсыздықтан алаңдайтынын жеткізе отырып: «БҰҰ тарабынан Венесуэлаға гуманитарлық көмек көрсетуге дайынбыз. Алайда, бұл үшін үкіметтің бекітуі мен ынтымақтастық керек», – деген.
БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дужарриктің жасаған мәліметінде, Хуан Гуайдоның бұл хаты БҰҰ-дағы Венесуэла өкілдігіне де жеткізілген. Сондай-ақ, халықаралық қауымдастық Венесуэладағы дағдарысқа байланысты саяси шешім қабылдауға дайын екенін де аңғартты.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі