Brexit жоспарына байланысты Ұлыбритания Еуропалық Одақ елдерімен визасыз режимді уақытша тоқтатпақ.
Guardian мәліметінше, 29 науыздан бастап ЕО мемлекеттерінен келетін туристер үш айдан кейін уақытша тіркеуге тұрып, виза алуы тиіс. Британия Ішкі істер министрі Сайдж Джавид: «Ұлыбритания қазір экономикалық тұрғыда өтпелі кезеңде тұр. Бұған ЕО құрамынан шығу және Ирландиямен шекара мәселесі себеп. Сол үшін біз Одақпен арадағы визасыз режимді алып тастаймыз», – деді.
Екі аптадан кейін қауымдастықтар палатасында аталған мәселе бойынша екінші дауыс беру жоспарланып отыр. Бірақ, 2016 жылы қабылданған референдумнан кейін Мэй үкіметі ұсынған жоспар қызу талқыға түсіп, әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Ал Ұлыбританияның Одақтан шығуына екі ай уақыт қалды.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер