Венесуэладағы наразылық шерулері азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін.
Венесуэлада бірнеше күнге жалғасқан наразылық шерулері кезінде қырыққа жуық адам қаза тапқан. БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі бөлімінің хабарлауыша, халық наразылығының соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан және 850-ден астам адам қамауға алынған. Олардың арасында сексенге жуық бала бар. Ал қаза тапқандардың 26-сы атып тасталған.
Бұл жағдайлардан кейін Венесуэла прокуратурасы оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдоға қарсы тергеу бастап, оның есеп-шотын жауып тастаған. Бірақ, АҚШ, Канада, Бразилия, Чили сынды мемлекеттер Венесуэла билігіне оппозиция өкілі отыруы тиіс деді. АҚШ «диктатор басқарушы» атанған Николас Мадуроға қарсы санкциялар жариялап, мемлекет басшысы авторитарлық диктатураға ұмтылудан бас тартпайынша, Американың экономикалық және дипломатиялық күштерін түгел Венесуэла халқының демократия орнату жолындағы күресіне көмекке арнайтынын хабарлаған болатын. АҚШ вице-президенті Майкл Пенс Уашингтонда оның сенімді өкілімен кездесіп, Венесуэла мәселесін талқылады. Кей сарапшылардың пікірінше, егер Мадуро өз еркімен биліктен кетпесе, наразылық шерулері азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін.
Айта кетейік, Венесуэлада президент Николас Мадуроға қарсы шерулер 21 қаңтарда басталған. Алғашқы шеруді ел әскерилері өткізді. 23 қаңтарда Ұлттық Ассамблея басшысы Хуан Гуайдо өзін уақытша президент деп жариялап, елде сайлау өткізетінін айтты.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті