Түркіменстан студенттері қысқы демалыс қарсаңында жаңа шектеуге тап болды. 25 қаңтарда басталған уақытша үзіліс кезінде шәкірттердің барлығы телефон қолданбауға және ғаламтор желілеріне кірмейтіндігі туралы қол хат жазып берген. Бұл туралы түркменстанның «Азатлық» радиосы хабарлап отыр.
Осы ретті Түркімен елінің студенттеріне мұның алдында тағы бір талап қойылғандығын ескере кеткен жөн. Қысқы демалыста өз үйлеріне аттанар шәкірттердің барлығына пойыз, ұшақ және мемлекеттік автобустарды ғана пайдалану керектігі жөнінде хабарланған. Жеке такси қызметінің көмегіне жүгінуге толығымен шектеу қойылған болатын. Ал, қайта сабаққа келген студенттердің барлығы билеттерін деканатқа көрсетіп, мемлекет рұқсат берген көліктермен жүргендігін дәлелдеуі тиіс. Осыған байланыста Түркіменстандағы демалысқа шыққан студенттер бір қаладан екінші қалаға қатынайтын көліктердің билеттерінің тапшылығын сезінуде. Тіпті, өзге амалын қарастырған жастар жемқорлыққа жол беріп отырғандықтарын да мамандар бірнеше рет байқаған.
Негізінен Түркіменстан еліндегі студенттер қатаң бақылауда ұсталып отыр. Сонымен бірге, арнайы киім формалары да басшылықтың қарауында тұр. Қымбат әшекей бұйымдар киіп, сәнді маникюр жасағысы келген студент қыздардың әрекетіне де шектеу бар. Бұдан бөлек, Жоғарғы оқу орынында оқитын шәкірттерге автокөлік жүргізуге де тосқауыл қойылған.
Беларуссияның экономикалық университетінің басшылығы мұндай қысыда өскен жастар, шет елдерде бірден бұзылатындығын да жоққа шығармайды. Тіпті, ішімдікке әуес болып, қоқыстарды жан-жаққа лақтырып, төбелескендерін де байқаған.
Түркіменстан билігінің студенттерге жасаған қысымы қай уақытқа дейін жалғасатындығы белгісіз. Әртүрлі шектеулер мен қатаң талаптар, олардың еркін білім алуы мен аяқ алып жүруіне кедергі жасап отырғандығын сарапшылар саралап отыр. Сонымен қатар, толған шынының бір күні жарылатындығын да мамандар жоққа шығармайды. Бірақ, ашуға булыққан жастардың сол уақыттағы әрекеті шектен шығып кетпейтіндігін де ешкім дөп басып айта алмайды.