Михаил Саакашвили: «Грузиядағы билікті 72 сағаттың ішінде ауыстырамын» - деп мәлімдеді.

«Rustavi-2» телеарнасына сұхбат берген Грузия экс-президенті Михаил Саакашвили ресми Тблиси жүргізіп отырған саясатқа баға берді.

«Қазіргі Грузия билігі дәрігерлерді қамап қойып, өз беттерімен жүрген жындыларды елестетеді. Ендігі мақсат осы жындыларды бейбіт, ешқандай қан төгіссіз залалсыздандыру. Егер маған Грузия белсенділері мен оппозициясы еркін жүріп-тұруға мүмкіндік жасаса, Грузия билігін 72 сағаттың ішінде ауыстырамын» - деді Саакашвили.

Грузияда Саакашвили үсінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Олардың ішінде адам өлтіру сияқты ауыр баптар да бар. Қазіргі таңда экс-президент Нидерландыда тұрады.

"The Qazaq Times"