АҚШ президенті Дональд Трамп федералды биліктің уақытша жұмыс істеуі туралы жарлыққа қол қоймақшы. Бұл туралы 25 қаңтар күні Ақ Үйде өткен баспасөз-конференциясында мәлімдеді.
Трамптың сөзінше, Конгресс пен арадағы келісімге қол жеткізу мүмкін болған. Осыған байланысты Ақ Үй басшысы биліктің 15 ақпанға дейін өз жұмысын жалғастыратындығы мәлімдеді. Сонымен қатар, Трамп осы уақыт ішінде республикашылдар мен демократтарды Мексика шекарасында тұрғызылатын қабырға үшін келісімге келетіндігінен үмітті. Алайда, қос тарап 15 ақпанға дейін келісіме келе алмаса, жаңа шатдаунға дайын екендігін де ескертті.
Естеріңізге сала кетейік, федералды билік 22 желтоқсан күні жұмысының бір бөлігін тоқтатқан болатын. Мексика мен АҚШ арасындағы қабырға тұрғызу дауы сол уақыттан бері шешімін тапқан жоқ. Осыған байланысты АҚШ-тың мыңдаған мемлекеттік қызметкерлері мерзімінен бұрын төлемсіз еңбек демалысына шыққан. Қазіргі таңда бұл шатдауын АҚШ тарихындағы ең ұзақ мерзім болып отыр.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес