Қытай әуе күштері екі әскери ұшағын Тайуан (Тайвань) оңтүстігіндегі кеңістікте ұшырғаннан кейін, АҚШ теңіз бейсенбі күні (24 қаңтар) күштері бұған жауап ретінде екі әскери кемесін Тайуан бұғазына кіргізді. Бұл әскери әрекеттерге баға берген сарапшылар: «Қытай Тайуанға әскери қысымды арттырды, Қытай мен АҚШ өз-ара «сигнал» жолдады», – деп қарайды.

Былтыр шілде, қазан және қараша айларында АҚШ-тың соғыс кемелері Тайуан бұғазына кірген болатын. Бұл рет бір жыл ішінде АҚШ теңіз күштерінің төртінші рет Тайуан аралы мен ҚХР арасындағы бұғазға кіруі.

Құрама Штаттың Үнді-Тынық мұхит әскери қолбасшылық Бас штабы бұл әрекеттерін ашық теңіздерді, халықаралық ортақ су жолдарын қорғау екенін айтты.

Қытайдың Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың бұл әрекетін айыптап, екі ел арасындағы сезімтал тақырып саналатын Тайуан мәселесін қозғап алмауды қайталай ескертті.

Қытай тарабы өзінің озық соғыс ұшақтарын Тайуан кеңістігіне жіберу арқылы Тайбей билігінің әскери қысымды күшейтті. Ал, АҚШ өз кемелері арқылы «Қытайдың әскери агрессиясы жауапсыз қалмайды» деген сыңай танытты. Бейжіңнің Тайуанға әскери қысым жасауы бұған дейін де бірнеше рет болған. Алайда, Уашингтон Тайуанды қолдайтынын аңғартып келеді.

“The Qazaq Times”