Нью-Йоркте полиция қызметкерлері бостандық ескерткішіне «Қош келдіңдер, босқындар!» деген жазуы бар плакатты іліп кеткендерді іздестіріп жатыр. Ұзындығы 6 метрге жуық баннер ескерткіште 1 сағатқа жуық ілініп тұрған. Бұл туралы Rosbalt агенттігі хабарлайды.
Жауапкершілікті Alt Statue of Libertу әлеуметтік желісін жүргізіп отырған бір американдық азамат мойнына алды. Оның айтуынша, «Олардың барлығы өздері сенетін ел үшін сөз айтып жүрген қарапайым азаматтар. Біз Американың бостандықтың елі екенін және елді иммигранттардың негізін қалағанын тағы да естеріне салғымыз келеді. Ел мен дінді қоршау – біздің құндылықтарымызға сәйкес емес».
Аталмыш оқиға АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министтрлігінің иммиграцияға қарсы шараларды кеңейту керек екендігін мәлімдегеннен кейін орын алған. Бұл мәлімдемеге алдағы уақытта президент Доналд Трамп қол қою керек болған.
«The Qazaq Times»

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр