Риайятуддин Әл-Мустафа Биллах Абдулла Малайзияның он алтыншы королі болып сайланды.
«Бернама» агенттігінің жазуынша, Куала-Лумпурде өткен Малайзия билеушілер кеңесінің отырысында жаңа басшы таныстырылып, халық алдында ел билігіне қатысты жоспарлар талқыланған. Өз мәлімдемесінде Биллах Абдулла биліктегі жемқорлықпен күресіп, еркін мемлекет ретінде қалыптасуға күш салатынын айтқан. Негізінен 2009 жылы «Freedom House» анықтамасы бойынша «Әлемдегі еркіндік жағдайы – 2008» (Freedom in the World) рейтингісіне сәйкес, Малайзия «еркіндігі толық қалыптаспаған мемлекеттер» категориясына енген болатын. Себебі, саяси реформалардың жеткіліксіздігінен қоғамның этно-діни құрылымымен байланысты мәселелер және билік жүйесіндегі коррупция артқан.
Айта кетейік, конституция бойынша әр бес жыл сайын Малайзияда король сайлауы өтеді. Ел тарихында мұра ретінде қалыптасқан дәстүр бойынша король тоғыз сұлтан арасынан тағайындалады. Әр сұлтан елдегі жекелеген тоғыз штатты басқарады.

















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?