Малайзия премьер-министрі мемлекеттің сыртқы қарызын өтеу үшін Жапониядан несие сұрады. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Жапонияның орталық қаласы Токиода 24-ші кезекті ұйымдастырылған «Азия болашағы» атты Халықаралы Nikkei конференциясы өтуде. Конференцияға қатысу үшін Токиоға барған Малайзия премьері Махатхир Мұхаммед Жапонияның бас уәзірі (премьер-министрі) Шинзо Абемен кездесті.
Кездесуде Махатхир Мұхаммед Малайзияның сыртқы қарызын өтеу үшін Жапония үкіметінен несие сұраған. Жапония тарабы өтінішті қарастыратынын жеткізген.
Мамыр айында билікке келген Махатхир Мұхаммед осыдан бұрынғы мәлімдемесінде алдынғы үкімет кезінде Малайзияның сыртқы қарысы 252 млрд АҚШ доллары болғанын айтқан.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі