Талибан ұйымы мен АҚШ өкілдері Пәкістанның орталық қаласы Исламабадта кездеспек. Бұл туалы Құрама Штаттың Ауғанстандағы арнайы өкілі Залмай Хализад Пәкістан СІМ басшысымен кездесу кезінде ортаға салған.
Пәкістанның сыртқы істер министрі Шах Махмұд Курейши мен Залмай Хализад арасындағы кездесуде өңірде бейбітшілік орнату бағытында жұмыстарды үйлестіру мәселелері талқыланған. Сондай-ақ, Исламабад қаласында өткізуді жоспарлап отырған Ауғанстанның Талибан күштері мен АҚШ өкілдері арасындағы кездесу туралы кеңескен.
Мәліметтерге қарағанда бұл кездесуде тәліптер мен Құрама Штаттың өкілдерінен тыс, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі және Катар қатарлы елдердің өкілдері де қатысады.
Қазір өңірдегі АҚШ әскери және дипломатиялық тұлғалары Пәкістан мен АҚШ қарым қатынасын ретке салу, Ауғанстан мәселесінде Пәкістанның рөлін көтермелеу сынды жұмыстар алып баруда. Бұл АҚШ президенті Трамптың өңірге қаратқан жаңа стратегиясы жарияланғаннан бері ұстанған басты бағыттары.