Әлемдік экономикаға кері әсерін тигізетін қауіп-қатерлердің тізімі жарияланды.
Швейцарияның Давос қаласында өтетін жаһандық экономикалық форумда 2019 жылы әлемдік экономиканың дамуына кедергі жасауы мүмкін қауіп-қатерлер жөнінде баяндама жасалмақ. Баяндаманы дайындаған ғалымдар, экономистер және билік өкілдерінің сөзінше, қазіргі заманғы халықаралық сауда келісімдері екі жақтың пайда табуына емес, стратегиялық бәсекелестік құралына айналған. Алдағы уақытта бұл тенденция жалғаса беретін болса, онда ол әлемдік экономиканың дамуына кедергі келтіретін болады.
Бұдан бөлек баяндама авторларының пікірінше, 2019 жылы әлемдік экономиканың дамуына державалар арасында болып жатқан кибер шабуыл мен сауда соғысы айтарлықтай кері әсер етеді.
Давоста жаһандық экономикалық форум қаңтар айының 22-і мен 25-і күндері аралығында өтеді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер