АҚШ-та мұғалімдер ереуілге шықты.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Лос-Анджелестегі 900-ге жуық орта мектептерінен барлығы 30 мыңдай мұғалім екінші күн қатарынан ереуіл ұйымдастырған. Мұғалімдердің басты талабы – жалақыны өсіру және әр сыныптағы оқушы санын азайту. Калифорниядағы мектептерде бір сыныпта қырыққа жуық оқушы сабаққа қатысады. Ал ереуілге шыққандар сыныпта жиырма оқушыдан аспағаны абзал дейді. Мәліметтерге сүйенсек, Құрама Штаттардағы орта мектеп мұғалімдері орташа есеппен алғанда 4800 доллар көлемінде жалақы алады. Айлық көлемі штат пен мектептердің статусына қарай да белгіленеді. Мәселен, Нью-Йорк, Калифорния, Лас-Вегаста 7500-8000 доллар болса, Оңтүстік Дакота, Техаста 3500 долларға дейін қарастырылған. Әзірше, АҚШ билігі әліптің артын бағып, бұл ереуілге қатысты пікір білдірген жоқ.
Мұғалімдер шеруі Грекияда да өтіп жатыр. Жалақының аздығын тілге тиек еткен мұғалімдер жергілікті тәртіп сақшыларымен қақтығысқан. Сол себепті полиция қызметкерлері көз жасаурататын газ қолданып, Афинаның Сиетагма алаңындағы ереуілшілерді тоқтатпақ болған. Бірақ, жұмысшылар ереуілі ауа-райының қолайсыздығына қарамастан күні бойына жалғасты.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді