Өзбекстан ID-картаны енгізуге дайын емес екендіктеріне көз жеткізіп, төлқұжаттарды ауыстыру мерзімін 2021-ші жылға дейін шегерді. Бұл туралы Podrobno.uz хабарлап отыр.

2018 жылдың сәуір айында Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев 1 қарашадан бастап Ташкент қаласында ID-картаны пилоттық режимде іске қосуды талап еткен болатын. Алайда, Өзбекстанның миграциялық және азаматтықты рәсімдеу басқармасының басшысы Ұлықбек Ташходжаев аталған жүйені тек, 2019 жылдың қаңтар немесе шілде айларында енгізулері мүмкін екендіктерін мәлімдеген. Бірақ, президенттің талабын орындау үшін бұл мерзім де жеткіліксіз екенгіне көз жеткізіп, оны кейінге шегерді.

Қазіргі таңда Өзбек азаматтары шетелге шығу төлқұжатын алу үшін бірталай есікті ашып, қағазбен соғыс жүргізіп келеді. Болашақта ID-картаны іске қосып бюрократияның белгілі бір бөлігінен бас тартамыз деп отыр. Алайда, мұның нақты қай уақытта енгізілетіндігі жұмбақ күйінде. Бірақ, Өзбекстанның билік басшылары 2021-ші жылдан бастап қолданыста болатындығына уәде беруде.

Сол секілді жаңа төлқұжаттар шет елдегі Өзбекстан азаматтарына да қол жетімді болмақ. Қазіргі таңда әрбір шет елдегі елшіліктерімен байланысқа шығып, құжаттарды қалай алмастыратындығын талдау үстінде. Себебі, өзбек билігіндегілер әрбір азамат туралы ақпаратты ғаламтор арқылы тасмалдап, құжаттарды ғаламтор арқылы жіберу, көшірме төлқұжаттардың көп болуына әкеліп соғуына алаңдап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан да аталған ID-картаны құжаттарға енгізген болатын. Ұзақ жылдан бері төлқұжат жанында орналасқан чип ішінде ешқандай ақпарат сақталмағанымен, енді-енді өз жұмысын бастаған сыңайлы. Сонымен бірге арнайы чиптер көлік жүргізу құжатына да енгізілген.

"The Qazaq Times"