Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот экс-президент Кот-д Ивуар Лоран Гбагбоға тағылған айыптар негізсіз деген шешім шығарды.
2010 жылы сайлау қорытындысына қарсы өткен ереуілде үш мың адам қаза тапқан. Сол кезде Лоран Гбагбо жергілікті тұрғындарға қарсы қылмысты ұйымдастырды деп айыпталды. Ереуіл кезінде жарты миллион адам өзге елге кетуге мәжбүр болған. Жаппай толқуларға ұласқан істі тергей келе, 2011 жылы француз әскерлері мен БҰҰ бітімгерлерінің көмегімен Гбагбо президенттік бункерде тұтқындалған.
«Әділет және конфликт» (Justice in Conflict) кітабының авторы Марк Керстен BBC-ге берген сұхбатында: «Көп жерде сот тек қарапайым халық пен көтерілісшілерді ғана кінәлі деп таниды. Ал қылмыс жасаған көшбасшылар бостандықта қалып қояды. Бұл да соның көрінісі болуы мүмкін», – дейді.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті