Еуропаның біраз бөлігі қалың қар құрсауында қалды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Аустриямен шекаралас елдімекенде қар бірнеше күн қатарынан жауып жатыр. Сол аралықта жеті адам қаза болып, екі турист жоғалып кеткен. Кей аймақтарда қар көшкіні болып, салдарынан жол жабылған.

Фото: EPA

Қалың қар  Бавария, Аустрия, Германияның біраз бөлігін басқан. Қазір мектептер, мейрамханалар және мәдени орындар жабық.

Фото: EPA

«Теңіз деңгейінен 800 метрден асатын биіктікте осындай қалың қар 30 жылда немесе тіпті 100 жылда ғана болады»  – дейді Аустрияның метеорологиялық қызметі.

Фото: AP

Аустриядағы Бертехсгаден ауданындағы тұрғындарды құтқару үшін 200 әскер жұмылдырылған. Ал Мюнхен және Франкфурт әуежайында 90-ға жуық рейс кейінге шегерілді.

Фото: BBC

Швейцарияда қатты қар көшкіні Сантис-Швегальп шипажайындағы «Швегальп» қонақүйін басып қалды. Қазіргі уақытта туристер мен жергілікті тұрғындар қауіпсіз орынға көшіріліп жатыр.

Фото: REUTERS

Швецияның солтүстік бөлігінде қар көшкіні жиілеген.

Фото: BBC

Швецияның солтүстік бөлігінде қар көшкіні жиілеген. Бавариядағы Берхтесгаден қаласы, Герольд ауылы толықтай қар құрсауында.

Фото. REUTERS

Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Айтуынша, алдағы күндері аймаққа одан да көп қар жауады. Табиғаттың тосын мінезінен мектептер бір апта бойы жабық. Теміржол қатынасы да тоқтап тұр.

"The Qazaq Times"