Өзбекстан президенті жанынан шетелдік инвесторлар кеңесі құрылады. Бұл туралы Халықаралық баспасөз клубының мәжілісінде Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары Лазиз Кудратов мәлімдеді.
Оның айтуынша, аталған кеңес шетелдік инвесторлардың мәселесін тиімді шешуге, үкіметке инвестициялық климатты жақсартуға, сондай-ақ, ашық және тиімді бизнес-ортаны қалыптастыру үшін ұсыныстар әзірлеумен айналысатын болады. Аталған жоба Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) қатысуымен жүзеге асырылады.
Бұдан бөлек, апта басында өткен жиында Шавкат Мирзиеев жақын арада шетелдік инвесторларды қолдайтын Қор құрылатынын айтқан болатын. Аталған Қор халықаралық тәжірибе негізінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, Өзбек президенті Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетке және Сыртқы істер министрлігіне жылына кемінде бір рет шетелдік компаниялардың қатысуымен әр өңірде форум өткізуге және шетелде өтетін осындай форумдарға отандық кәсіпкерлерді жіберуге тапсырма берді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі