Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың күйеубаласы Семетей Сұлтанов Қырғызстан футбол федерациясының басшылығы қызметін өз еркімен босатты. Бұл туралы 24.kg хабарлады.
«Менің бұл шешіміме басқалардың көзқарасы өзгеше болатынын білемін. Сол себепті, мен бұл қадамға өз еркіммен барғанымды ескертіп өткім келеді. Ертеңгі күнге жаңа жоспар құрып, жаңаша ойлай алатын адамдардың қызмет ететін уақыты келді. Бұл қызметтен кетсем де, қырғыз футболының жанкүйерлері жоғалмайтынына сенемін. Ендігі футболдың дамитынына күмәнім жоқ», – деп мәлімдеді С.Сұлтанов. Сонымен қатар, ол өз сөзінде футбол саласында қырғыз құрамаларының айтарлықтай жетістікке жете алмағаны үшін және берген уәделерінің толыққанды орындалмағаны үшін халықтан кешірім сұрады.
Айта кетейік, Семетей Сұлтанов Қырғызстандағы футбол федерациясын төрт жыл басқарған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі