Сүрия аумағына әуеден шабуыл жасалып, салдарынан 11 адам қаза тапты.
Reutеrs агенттігінің хабарлауынша, Сүриямен одақтас елдер қарулы топтардың көзін жоймақ болған. Алайда, Дэйр-эз-Зор аймағына қарасты Шаафа ауылындағы бейбіт тұрғындарға да бомба түскен. Бұған қатысты әскерилер ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Айта кетейік, АҚШ бастаған одақтас елдердің әуе күштері «Ирак және Левант лаңкестік ұйымына» қарсы әрекет етеді. Бірақ, 19 желтоқсаннан бастап АҚШ өз әскерін Сүриядан шығара бастады. Ақ үй басшысы Дональд Трамп өзінің «Twitter» парақшасына «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының күйрегенін» және «АҚШ әскерінің Сүрияда қалуының жалғыз себебі ИМ-ді жеңу» екендігін жазған болатын. Ал Франция тарапы Сүриядан әскерін шығармайтынын, терроризмге қарсы күресті жалғастыратынын айтты.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы