Манбидж қаласы Сүрия үкіметіне қайтарылды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Сүрия қарулы күштері Манбиджге ту тігіп, қаланы ресми түрде Сүрияға тиесілі деп жариялады. Маусымда ресми Анкара мен Уашингтон Манбиджді қауіпсіздікпен және тұрақтылықпен қамтамасыз етуді үш кезеңмен жүзеге асыруға келіскен еді. Осыған байланысты АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Түркиямен бірге күрд отрядтарын Манбиджден шығару кестесін дайындаған. Алғашқы кезеңде күрд жасақтары Манбиджден шығарылды. Екінші кезеңде қала 45 күн бойына бақылауға алынды. Ал үшінші кезеңде жергілікті билік құрылды.
Айта кетейік, бұған дейін солтүстіктегі шаһар күрд жасақтарына қарасты болып келген еді. Сондай-ақ күрд жасақтары 2016 жылдың маусымында аталған ауданды ДАИШ ұйымынан босатқан болатын.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті