АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияға іссапармен барады. Бұл туралы Түркия президентінің баспасөз хатшысы хабарлады.
Ыстамбұлда министрлер кабинетінің арнайы отырысы өтіп, екі ел президенттерінің кездесуі талқыланды. 14 желтоқсанда екі ел басшылары телефон арқылы әңгімелесіп, Сүриядағы жағдайлар мен әскери қақтығыстарға қатысты арнайы келіссөз өткізу жоспарланған. Осыған дейін Трамп өзінің «Twitter» парақшасына: «Түркия президенті Ердоған маған Сүрияда қалған «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының қалдықтарын толығымен жоятынын айтты. Ол бұны істей алатын адам. Оның үстіне Түркия Сүрияға көрші отырған мемлекет. Ал, біздің сарбаздарымыз елге оралады» - деп жазған болатын.
Айта кетейік, 20 желтоқсанда АҚШ «Ислам мемлектінің» жойылғандығын хабарлап, Сүриядан өз әскерін шығара бастады. Ал Түркия мен Франция өз әскерін қалдырып, террорлық топтармен күресті жүргізе беретінін айтты.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы