Бельгияда үкіметтік дағдарыс басталды.
Үкіметтік дағдарысқа желтоқсанда ел премьер-министрі Шарль Мишельдің БҰҰ-ның миграция жөніндегі ғаламдық келісімін қолдауы түрткі болды. Үкіметке кіретін «Жаңа Фламанд» партиясы аталған құжат миграциялық жағдайды әлемдік деңгейде шиеленістіріп жіберетінін айтып, түбегейлі қарсылық білдірген. Осыдан кейін мемлекеттің жетекші партиялары үкіметке сенімсіздік танытуды ұсынып, премьер-министр Шарль Мишель отставкаға кетті.
Осы аптада парламент отырысы өтіп, қалған партиялар да Шарль Мишель кандидаттығын қолдаудан бас тартты. Король Филипп премьердің отставкасын мамыр айында өтетін парламенттік сайлауда белгілі болады десе де, партиялар қарсы болды.
10 желтоқсанда БҰҰ-да өткен мемлекетаралық конференция «Қауіпсіз, тәртіпке келтірілген миграция жөніндегі дүниежүзілік пактіні» бекітті. Құжат бойынша актте заңсыз миграцияға тосқауыл болып, мигранттарды интеграциялау және туған еліне қайта оралуға жағдай жасау қарастырылған. Бірақ, құжатқа қол қойған кез келген мемлекет шарттарды орындауға міндетті болмайды. Аталған пактіні қабылдауға Аустрия, Аустралия, Венгрия, Польша, Чехия, Болгария, Эстония және Израиль мемлекеттері қарсы шыққан болатын. Олардың айтуынша, «егер құжат қабылданса, әлемде араб елдері мен Африка тұрғындары бастаған заңсыз келімсектер артуы мүмкін». Бельгия үкіметі де осындай пікірде.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес