Америка Құрама Штаты Украина мен Ресей арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қара теңізге әскери кемелерін жіберуді көздеп отыр. Бұл туралы Пентагон хабарлады.
Пентагон АҚШ-тың Бас департаментіне жолдаған жоба Түркиямен арадағы Монтре конвенциясына сай жүзеге асырылмақ. Яғни, Түркия елі Қара теңіз арқылы жүріп өтуіне рұқсат беруі тиіс. Сонымен қатар, Пентагон баспасөз хатшысы Эрик Пахон Монтре конвенциясына сай тәртіп бұзбай барлық ережелерді бұлжытпай орындайтындықтарын жеткізді.
АҚШ Түркия елінен алғаш рет теңіз жолын кесіп өтуге рұқсат сұрап отырған жоқ. Бұдан бұрын да Босфор мен Дарданел бұғаздарынан еркін кесіп өту үшін әркез арнайы рұқсат сұрағандығы белгілі.
1936 жылғы Монтре конвенциясына сай Қара теңізді кесіп өту үшін барлық мемлекет 15 күн бұрын Түркияға рұқсат беру өтінішін жіберуі тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, 25 қараша күні Украинаның әскери теңіз кемелері Керчен бұғазын кесіп өтпек болған. Алайда, Ресей теңіз әскерилері шабуыл жасап, үш кеме мен украиналық сарбаздарды тұтқынға алған болатын. Ресей тарабы Украина кемелері шекара тәртібін бұзды десе, Украина билігі аталған оқиға кезінде Ресей өзінің айбатын көрсетпек болды деп ашық мәлімдеме жасады. Аталған оқиғаға байланысты Украина елі отыз күндік соғыс жағдайын енгізген болатын.