Пәкістан премьер-министрі Имран Хан АҚШ президенті Дональд Трампқа хат жолдап, Ауғанстан дағдарысын шешуге қолдау көрсетуін сұрады. Бұл туралы Пәкістан премьері БАҚ өкілдерімен кездесуі кезінде мәлімдеген.
Бұған дейін өңірдегі жағдайға байланысты АҚШ үкіметі Пәкістанды айыптап, террорлық топтарға қолдау көрсетіп отырғанын айтқан еді. Соған қарамастан АҚШ-Пәкістан арасында өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке байланысты ынтымақтастық орнатуға деген талпыныстар да болған.
Имран Хан Трампқа жазған хатында Пәкістан тарабы Ауғанстанда 17 жылға жалғасқан тұрақсыздықты шешуге тырысатынын, бұл бағытта Құрама Штатпен ынтымақтасуға дайын екенін, сондай-ақ, АҚШ-тың қолдауына мұқтаж екенін де айтқан.
Қазір Ауғанстандағы жағдай көршілес елдер мен аймақтар үшін үлкен үрей туғызып отыр. 17 жылдан бері аласапыран болып жатқан Ауғанстан дегенмен, соңғы бір-екі жылда Орта Шығыстағы терроризм жағдайында өзгерістер болды. Сүрия мен Ирак жерінде жеңіліс тапқан ДАИШ күштері тұрақсыздық жайлаған ауған жеріне қарай ағылды. Оның үстіне, Ауғанстандағы жерлік террорлық топ Талибан ұйымы да соңғы жылдары белсенді шабуылдар жасауда.
Ауғанстанды тұтасымен тұрақсыздық жайласа немесе террорлық ұйымдардың бақылауына өтсе, ең алдымен Қытайдың батыс өңіріне, сосын Орта Азия, Оңтүстік Азия елдеріне қауіп төнеді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі