Франция президенті Эммануэль Макрон елдегі наразылыққа қатысты Үкіметтің шұғыл отырысын өткізді.
Europe1 радиосының хабарлауынша, жиында жанармай бағасына қатысты мәселелер талқыланып, жақын арада билік пен шерушілер мәмілеге келмек. Бұған дейін Эммануэль Макрон наразы топпен ортақ келісімге келмейтінін айтқан болатын. Дегенмен, Үкімет басшылары жанармай бағасы қайтсе де арзандамайды дейді.
Айта кетейік, Францияда жанармай акцизін көтеруге қарсылық акциялары бірнеше апта бойы жалғасып жатыр. Өткен аптада шерудің соңы тәртіпсіздікке ұласып, 400-ден астам адам ұсталды. Оқиғадан соң Париждегі Салтанат қақпасы ауданында полиция жанармай салығын көбейтуге қарсылық білдіріп шеруге шыққан наразыларды тоқтату үшін пиротехникалық гранаттар қолданған. Франция үкіметінің ақпараты бойынша, жалпы ел көлемінде шеруге қатысушылардың саны 36 мың адамға жеткен. Ал Парижде шеруге бес жарым мың адам шыққан.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді