Украина 16-дан 60 жасқа дейінгі ер азаматтарға ел аумағына кіруге шектеу қойды. Бұл туралы Украина президенті Петр Порошенко мәлімдеді.
«Шекарадан өткізу пункттерінде күшейтілген бақылау шаралары жүргізілуде. Бүгінде Ресей Федерациясының азаматтары үшін шекарадан өтуге қатаң шектеу қойылады. Жас шамасына келер болсақ, Ресей Федерациясының 16-дан 60 жасқа дейінгі азаматтарына тыйым салынды», – деді Украина Шекара қызметінің басшысы Петр Цигикал.
Бұған дейін, 8 қарашада Украина президенті Петр Порошенко мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен «агрессорлық мемлекет» яғни Ресей азаматтарын қылмыстық жауапқа тарту туралы заңға қол қойды. Ал былтыр Киев тарапы Ресей аннексиялаған Қырымға шекараны кесіп өтпек болған 100-ге жуық ресейлік азаматтарға қатаң тыйым салған болатын. Жоғары Раданың баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа заң жобасы Ресей мен ресейшіл, мүдделес мемлекеттерге қатысты. Заң ережелеріне сай, кеден бекетінен заңсыз өтпек болғандар немесе бір рет кесіп өткендер үш жылға, екінші мәрте өткендер бес жылға, ал қару қолданбақ болған азаматтар сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, құжатсыз жүрген босқындар да жауапкершілікке тартылады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы