АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит әскери қолбасшылық Бас штабы мәлімдеме таратып, АҚШ пен Үндістанның әуе күштері алдағы дүйсенбіден бастап Үндістандағы Калекунда және Арджун Сингх қатарды екі әуе базасында 10 күндік бірлескен әскери оқу-жаттығуын өткізетінін хабарлады.
«Үндістан кооперативі-2019» деп аталатын бірлескен әскери оқу-жаттығу 2004 жылы басталған болатын. Бұл АҚШ қорғаныс күштері 15 соғыс ұшағы мен 200-ден астам әскери қызметкерді дайындап отыр.
АҚШ Үнді-Тынық мұхит әскери қолбасшылық Бас штабының мәлімдемесінде жаттығудың мақсаты: «Екі ел әуе күштерінің мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ, екі армия арасындағы ынтымақтастықты тереңдету. Сол арқылы Үнді мұхитындағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа кепілдік ету», – деп түсіндірген.
Соңғы жылдары, Қытайдың Тынық мұхиты мен Үнді мұхитындағы белсенділігінің артуына байланысты АҚШ өзінің осы өңірдегі стратегиясын өзгертті. Айталық, осыған дейін Үнді және Тынық мұхитындағы екі бөлек әскери қолбасшылық Бас штабтарын басқаруды біріктіріп, о «Үнді-Тынық мұхит қолбасшылық Бас штабы» етіп құрды. Сондай-ақ, Оңтүстік Қытай теңізіне шектесетін елдермен, Тынық мұхитындағы арал елдерімен, Үндістанмен болған әскери ынтымақтастықты барынша кеңейтті.
Бұл стратегия Қытайдың екі алып мұхиттағы тынысын барған сайын тарылта түспек. Бұл әрине өз кезегінде мұхиттан алыс жатқан Орталық Азияға да өз әсерін тигізеді. Себебі, мұхитта жолы кесілген Қытай тарабы құрлық арқылы ықпал көлемін арттыруға тырысады. Бұл Орталық Азия елдерінің Қытаймен болған жаңа қарым-қатынасын түзіп шығуы бек мүмкін. Сондықтанда, бұл өзгерістерді қазірден жіті бақылауға тура келеді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны