Украина Керчьтегі текетірестен соң Түркияға Босфор бұғазынан Ресей әскери кемелерін өткізбеу туралы ұсыныс білдірді.
Осыған дейін Ресейдің Қара теңіз флотының кемелері Сүриядағы әскери операцияға қатысу үшін бұғаздан бірнеше рет өткен. Украинаның әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Игорь Воронченко бүгін Түркия билігіне алдағы уақытта ресейлік кемелерді бұғаздан өткізбеу туралы ұсыныс айтты. Әзірше, Түркия билігі Укриананың ұсынысына қатысты жауап берген жоқ Ал Украина президенті Петр Порошенко басылымдардың біріне берген сұхбатында, НАТО-ны Азов теңізіне кемелерін жіберіп, ортақ әскери жаттығу жұмыстарын өткізуге шақыратынын мәлімдеді. Оның пікірінше, Ресей 2014 жылы Қырымды аннексиялап, Донбассты басып алған соң, Украинаның тағы бір бөлігін тартып алуға ниетті. Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: «Украина мен Ресей арасындағы мәселені дипломатиялық жолмен шешу керек» деп мәлімдеген болатын. Сондай-ақ Ердоған Керчь бұғазындағы жағдайды Аргентинада өтетін «Үлкен жиырмалық» (G20) елдерінің саммитінде талқылайтынын айтты.
Айта кетейік, Жерорта мен Қара теңіз арасын қосатын Босфор бұғазының құқықтық мәртебесін реттейтін «Монтре» конвенциясына сай, Қара теңіз жағасындағы елдердің әскери кемелері бұғаздан өтуге құқылы. Сонымен қатар, Түркия өзіне қарсы, әрі соғыс ұйымдастырушы мемлекеттердің кемелерін өткізбей қоюға хақы бар.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті