Баста Абай мен Шәкәрім өлеңдерінің қолжазба күйінегі көшірме нұсқалары біздің үйе болған еді дедім. Шешіп айтайын: біздің үй деп отырғаным – әкем Разданның үйі, Керейдің Жәдік руынан, Буыршын өзенінің бойын мекендеген, әкем имам болған адам еді. 1896 жылы туған, 1948 жылы қайтыс болды. Өз заманының оқыған, көреген адам көреген адамы қатарына жатады. Қызымет, жиын бабымен Сарсүмбе және Үрімжі қалаларында болған. көп адамдармен танысып, білім ауысқан. Арабша сөздерді қазақшаға аудара беретін.
Жоғарыда аталған Сейітқазы мұғаліммен де таныс болған. үш аймақ үкіметі тұсында аймақтық сот мекемесінде бастық болған. Сол кісі кімнен алғаны бізге беймәлім, әйтеу «Абай Құнанбаевтың өлеңдер жинағы» деген кітаптың көшірмесін әкеліп, оқып жүреді. Бұл кітап 1909 жылы Кәкітай Ысқақұлы Сант-Петрбург қаласында басылған нұсқасынан көшіріліпті. Кітапқа қатты қызығып қалған Мағаз оны 1945 жылдың жазында бір айдай уақыт шығарып, Буыршынның «Үштас» жайлауында көшіріп шыққан.
Мағаз көшіріп алған кітапта: «көшірген – Ғабиден Жігітбаев» деген сөз бар еді. Ол мұғалім екен. Абайдың сол өлеңдер жинағында Кәкітай Ысқақұлы жазған «Абай Құнанбаевтың өмір тарихы» деген тамаша мақала бар. Онда Құнанбайды жамандап дүрсе қояберетін жасанды сөздер емес, қайта шындық істер өз қалпында баяндалған. Мағаз көшірген сол нұсқа қазыр де Мағазыдың қолында сақтаулы тұр. Икемді, қатты мұқабалы қара дәптерге химиялық күлгін түсті сиямен жазылыпты. Ғажаптанарлық тағы бір жәй, осы кітап көшіріліп болған соң, біздің үйде көп тұрмай жоғалып кетіп еді.
Тура 40 жыл өткен соң, 1985 жылы қиырдағы Шіңгіл ауданынан Мұқаметбек Зәтелбайұлы оны үлкен адамгершілік танытып Мағаздың өзіне табыс етті. Кітап Шіңгіл жаққа қашан, кім арқылы барғанын Мұқаметбек ет, Мағаз да білейді. Қайран қаласың, бала әкеден, ана баладан айырылып қалып жатқан сан реткі соғыс өрті шарпыған, небір қиын-қыстау күнерді бастан өткізген, Өр Алтайдың өрінде халықтың Абай өлеңдерін жанындай жақсы көріп, жоғалтпай сақтауын қараңызшы! Бұл да Абайдың ұлылығын әйгілейтін шығар.
Мен ойлаймын, Мағаз ағамыздың кейін жұртқа танымал ақын бола алуы – оның жас кезінде Абай өлеңдерін қызықтап жаттап өскендігінен болар. Бұл да бір үлкен мектеп емес пе, қасиетіңнен айналайын Абай, талай қазақтың көзін де, көнілін де аштың ғой!
Шәкәрімнің «үш анық» деген кітапы 1942 жылдың алдында әкем бір жақтан көшіріп алыпты. Сарсүмбеден немесе тіпті Үрімжіден әкелген болуы да мүмкін. Өте-мөте Зият әкелген қолжазбадан көшірілшген болу мүмкіндігі зор. Кітаптың сыртына «үш анық» деген сөз жазылғанымен, ішінде тағы көп өлеңдер бар болатын. Осы шығарманы әкемнің қолжазбасынан талай адам көшіріп алды. Мәселен, жиен ағам – Уақит Оразов, нағашы ағамыз – Мәсәу Намазбаев және мұғаліміміз Сәлімжан Кәкімжанұлы, тағы басқалар. Бұлардың бәрінің қазір көзі тірі. Сұрастырсам, барлығы саяси науқандар тұсында қорқып кетіп, кітаптың көзін жойған. Бұдан 50-60 жыл бұрын сол кітапты оқу, көшіру барысында жатталған жолдардың бірғыдыруын біздің Уақит ағамыз қазір де жатқа айтады екен, есіне келтіре алғандарын маған жазып берді.
Уақит Әбдірахманұлы Оразов 1921 жылы туған, арғын руынан, орта мағлұматты, жасынан әдебиетке әуес адам, өзі де өлең жазады. 1934 жылы Зият Шәкәрімұлынан оқыған. Қазір зейнеткер, Күйтүң қаласында тұрады. Уақиттың шешесі Ләтипа біздің әкеміздің жалғыз қарындасы болады. Ол кісінің өзі, бауырлары біздің үйдің балаларымен жастай бір ауылда болып, ағайынды адамдардың балаларынша бірге өскен, бірге тәрбие көрген. Уақаңның әкесі Әбдірахмен Абай өлеңдерінің көбін жатқа білетін өте зерделі кісі еді. Атасы Ораз Сарыарқаның (Қарағанды өңірінің) адамы екен. Патша өкіметі кезінде жер аударылуға жіберілген жерінен Алтай керейлерінің ортасына қашып келіп, мекендеп қалған.
«Сарыарқа мекен-жайым Есіл, Нұра,
Білмесең жер мәнісін менен сұра,
Тай құлындап, тайлағы боталайтын,
Қызығы кетпейді естен тіпті, сірә.» деп басталатын өлеңі бар еді. Ораз жол көрген сауатты адам болғандығы үшін 1905 жылдың соңында, яғыни, Шәкерімнің қажыға ьаратын жылы біздің елден Өміртай би, біздің атамыз Қамшыбай имамдарды бастап Меккеге қажыға барған. Ендігі сөзді Уақит ағайға берейін:
– Сол үш анық» деген кітаптің ішінде жүрген өлеңдерден қазір менің есімде қалғандары мынау, - дейді Уақаң:
- Шыққаным Шыңғыстағы бір биік тау,
Жақсыекен тауға шығып, тағдыр сынау,
«Қайырлы түн болсын !» деп үнсіз айтып,
Күн кеткенсоң, түн келді қараңғылау.
Аспанда ай, жұлдыздың бәрі айналыды,
Сонда да Темірқазық тапжылмайды-ау.
Ай туып, күннің батып, түн болуы,
Шынында дөңгеленген жер жүрісі-ау.
...
Көз, құлақ, қол, мұрын, тіл – бәрі алдайды,
Тетігі таза ақылмен өлшеп ұнап.
«Жазушы» баспасы 1988 жылы басып шығарған «Шәкері шығармаларын» мен кейін көріп, Уақит аға жазып берген үзінділерді басылған нұсқалармен салыстырып көрсем, шінара сөздерінде парық бар екен. шамасы оны да көрсете кетейін, кейде Уақит ағаның айтып отырғаны дұрыс сияқты сезіледі. Зерттеушілеріміздің бұған көңіл бөліуін өтінер едім. Әлгі өлең Шәкәрімнің «Тау басындағы ой» деген өлеңінен үзінді екен: бұнда «сынау» деп басылған сөздің орнына Уақаң айтқан «ұнау» деген сөзді малданған жөн сияқты. «Ұнау» бұл жерде «келісіу», «мақұл болу» деген мағынаны білдіреді ғой. («Шәкәрім шығармалары» 199-бет).
- Жан деген не?
Мүлде өле ме,
Шын жоғалып сөне ме?
Дене жөндеп,
Жоғары өрлеп,
Қайта мен деп келе ме?
Кетті, келді,
Толды, солды,
Өзгеленді бұл ғалам.
Туды, өлді,
Жанды, сөнді,
Өршіп өнді қайтадан.
Дөңгеленген,
Дөңгелеткен,
Түк білімсіз күш пе екен?!
Тіпті мінсіз,
Кемшіліксіз,
Есті қылған іспе екен?!
«Шығармалардың» 234 –бетінде алдыңғы шумақ ең соңына берілген. «қайта» дегені «тағы», «солды» дегені «семді» және «дөңгеленген» дегені «дөңгелеткен» деп алынған. Қайсы дұрыс?
- Жылым – қой, жұлдызым – июль,
Жасым – жеті жүз он жеті ай.
...
Өмір қанша, өлім қанша?
Емес ол біз білерлік жай.
...
Араб, парсы, орысшадан
Тілім жоқ жетіліп алған.
Кітап оқып, түрік жазған
Ұғындым осыны азғантай.
Болып тұр күн қаран һай – һай,
Мақсұтым сол – Мекке бармақ,
Әрбір тілде словар алмақ,
Біліп нағызына бармақ,
Сырым, ойым, жайым солай.
...
Он үш күн тұрып Стамбулда,
Керек кітап табылған-ай.
«Шығармалардың» 194-бетінде бұл өлеңнің толығы бар екен барлығы он жеті шумақ.
- Келем десең өлім маған,
Досымсың, жау емен саған.
Есікті аш жолды байлаған,
Жөнелсін ұнаған көңіл.
Бұл Шәкәрімнің «Көңіл» деген он жеті шумақ өлеңінің ең соңғы жолдары екен. Демек бұл өлең де Өр Алтайға келген болды. «Шығармалардың» 197-198- бетінде.
- Пәнші дейді: «қайда Тәңірі?»
Дінші дейді: «міне тұр».
Екеуіде сөзге нанды,
Сау ақылдан жоқ сұрақ.
Пәнші нанды бес сезімге,
Дінші адасты жолынан.
Сал ақылға, дұрыс не?
Осыны тап ой құрап.
Бұл «Шәкәрім шығармалардың» 203-, 204-, 205- беттерінде басылған.
«Тура жолда қайғы тұрмас,
Шат болайын бер шарап,
Қайғы, рақат – бәрі бір бас,
Ешбірінде жоқ ұрақ» деп басталатын 32 шумақ ұзақ өлеңнің Уақит ағаның есінде қалғаны осы болды.
- Ей, жастар, не дейсіңдер бұл дүние?
Мұны бүйтп жаратқан қандай ие?
...
Тетігі таң қаларлық зор мәшине.
«Шығармалардың» 201-бетінде басылған бес шумақ өлеңнің басы осы. Баспда «не дейсіңдер» дегені «қалай дейсің», «ие» дегені «нәрсе» делініпті.
- Қай жерден былайғысы жуан дер ең,
Бас қанттай ағаш жонсам тым үшкірлеп.
...
Мұқитқа тозаң құрлы тұз себейін,
Татыңыз еріген соң бір шасын(?) жеп.
Табиғат жұмбағының ісі өлшеусіз,
Білдім деген білмедім дегенге есеп.
Бұл «Қараңғы мен жарықты жүрміз өлшеп» деп басталатын бес шумақ өлеңнің үзіндісі екен. «Шығармалардың» 200- бетінде берілген. Парықты жолдар бар көрінеді.
Мінеки, бір адамның көкірегінен алпыс жыл өткеннен кейін осындай жолдар табылып отыр.
Уақиттың інісі Уақап оразов: әкем тағы Шәкәрімнің «әуелі сопыны сойды, жүрегін алдыма қойды. Көріп ем талай тойды, дедім мен астапралла» деп келетін жолдары бар өлеңін айтып отыратын еді дейді. Бұл «Қырық жылдан өтіп жасым» деп басталатын Бұл «Қырық жылдан өтіп жасым» деп басталатын 32 шумақ өлеңекен («Шығармалардың» 256-бет). Бұны шығармаларында басылған толық нұсқасымен есептесек, әсілінде 120 шумақ өлең екен. біздің ауылдың өзіне ғана Шәкерімнің осыншалық өлеңдері келгені анық болды. Шынында бұл әлде қайда көп болуы керек. Ұмытылып қалып отыр ғой. Бұл өлеңдер Шәкерімнің «үш анық» деген кітапына (қолжазба) қосылып жүргендіктен оны «үш анықтың» құрамдас бөлегі ияки, үзіндісі деп ұғынып келген, олай емес. «үш анық» қара сөзбен жазылған философиялық әңгіме, жаратылысы дүниенің сыры жөнінде Шәкәрімнің өз ойы. Бұл кітапты мен 9 -10 жас шамасында көрдім, бірақ, ешнәрсе ұға алмайтын едім. Шәкәрімнің:
«Талап деген бір жүйрік тұлпар сындығ
Бабын таппай мінгенді қылар жынды.
Тауға ұра ма, басыңды тасқа ұра ма,
Ал, енді оған кісі қайтып мінді?» деген өлеңін Өр Алтайдай көп адам біледі. Бұл ақынның «Талап пен ақыл» деген он үш шумақ өлеңнің бірінші шумғы екенін кейін білдік («Шығарманың» 128 –бетінде) бұны жоғарыдағы 120 шумаққа қоссақ, сонда Шәкерімнің 133 өлеңі Буыршынның Дулайты деген жеріндегі біздің аулдарға жеткен болып шығады. Шәкәрімнің «үш анығы» әлгі өлеңдермен коса Алтайдың Қаба, Сарсүмбе, Көктоғай, Шіңгіл, аудандарының бәріне тарапты.
Қбадан Шыбарайғыр елінің тәйжісі Көкенай 1940 жылы Үрімжіге түрмеге алыңғанда ақын Таңжарық Жолдыұлымен бір камераға болыпты. Сол кезде олардың қолына Шәкәрімнің «Үш анығы» мен бір топ өлеңдері тұскен. Көкенай тәйжі осы кітапты Таңжарық Жолдықлына көшіртіп алып, 1945 жылы елге қайтқанда ала келген. Таңжарық тәйжіге көшіріп берген кітаптың соңына өз қолымен мынадай өлең жазып қойған:
«Тәйжінің тәмәм бітті кінағасы(книга деген орыс сөзіне қаратылған),
Жазылып дәптеріне сыбағасы.
Тәйжі ағай ініңізге ғайып етпе,
Қазақтың қтардағы бір ағасы.
...
... ғұламасы.
Құдай бір, жан жоғалмасы, қиамет шын,
Деп жазған үш түрлі істен құрамасы.» – «Үш анықты» ертеде Сейітқазы мұғалімнен, онан кейін Қасымбек Ақтановтың қоынан алып, мен де оқып көрген едім, - дейді қазір 73 жастағы қарт педагог Мұратбек Мәнкейұл.
Қасымбек 50 жылдардың ішінде Буыршын ауданына бастық болып міндет өтеген. Кейн Қазақстанға кетті. Қазыр Шығыс Қазақстанда Сәркен, тағы басқа ұлдары тұратын болуы керек.
«Үш анықты» біздің әкеміз көшірген нұсқасын ертеректе Рашат Өміртаев алған екен. ол кісі кейін қызымет бабымен Құлжаға көшіп барып, сол жерде қайтыс болды. Кітапты қайда жібергенін ешкім сұрастырған жоқ.
Шіңгілде руы Құлмолқы Қайымғазы деген кісіде Шәкәрімнің «Үш анығы» болған деп естиміз. Ол кісі 1956 жылы Іле Қазақ Автономиялы Облыстық саяси кеңестің мүшесі (депудат) болған, қзір бақиға кетті. Ұрпақтары білер ме екен? Көктоғайда өткен әйгілі ақын Ақыт Ұлымжыұлының қолында Шәкәрімнің өлеңдері мен «Үш анық» қолжазба күййінде болыпты. «Содан есімде қалғандары» деп қазыр жетпіс жасқа келген Ақытұлы Ғазез мынаны жатқа айтып берді:
Адамның мен білемін өнерлісін,
Ерінбей еңбек қылған көп жұмысын.
Іш жарып, ішек жалғап, сүйек қиып,
Жамайды ерін, мұрын, түскен тісін.
Айроплан, телеғон, грамофон,
Электр, радио мен магнит ісін.
Осынша өнер тауып асқан адам,
Әлемнің қиын сырын ашқан адам.
Ол түгіл қліге де айла қылар,
Бір талай өлмей жетер жасқа да адам.
Өз басын бірақ адам танымайды.
Біледі бір өзінен басқаны адам.
Жоғалғыш тіршілік жоқ жа сипатты,
Болады жаным жоқ деп масқара адам.
Барлығын бастан жанның байқамапты,
Ғылымын писихолог шашқан адам.
Жан жолдан қосылды деп пән де, дін де,
Ақылды байлап қойған соған мүлде.
Ең басты зат жаны бар, ақылы зат,
Мұны ойлаған адам жоқ осы күнде.
Әр нәрсеге өзгереді, жоғалмайды,
Жан жоғалмас деп ойла соны білде.
Күнәсіз жас нәресте күн мен айым,
Қол тисе етегінен адаспайым.
Жаратқанның құдіреті толықтыған,
Сенің мінсіз нұрыңнан пайымдаймын.
Жүз пайғамбар мұғжиза көрсетсе де,
Сені көрмейй мұсылман бола алмаймын.
Суыр неге қазады таудың сайын,
Жаз жиып, қысқы азықты қылар дайын.
Қыс болса шала өлерін қайдан білді,
Деді ме азық жастап бір ұйқтайын.
Тауық неге шақырар сағат сайын,
Дей ме уақыт өткенін ұқтырайын.
Таң бзарса аспанда құйқылжытып,
Әнді неге салады боз торғайың.
Ақылым мұның сырын тауып отыр,
Десе де ойым детпес мен қумайын.
Саламын сасқанымнан ой жотаға,
Ете алмай хаиун тілін тіпті пайым». Осы өлеңнің «күнәсіз жас нәресте» деген жолынан төменгі 18 жол Шәкәрім шығармаларының 1988 жылғы басылымында жоқ. «Шығаралардың» 138-, 139- бетінде басылған басқы он неше жолы Ғазездің есінде жоқ. Егер екеуін біріктірсек, бұл өлең 60 жолға жеткелі тұр.
Шәкәрім шежіресі жөнінде
Естіп-білген анық дерегіміз мынау ғана: Алтайдың Шіңгіл ауданында өткен Кітапбай молданың қолында Шәкәрім шежіресінің (толық аты «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар щежіресі») 1911 жылы Қазанда басылған нұсқасы болған екен. Кітапбай молда осы шежіренің қазаққа тән бөлімін өлеңге аударып жазыпты. 400 шумақ өлеңмен аяқталған шежіренің осы бөлімі Шын Жаңдағы «Қазақ шежірелері» жинағының 1- кітапында «Қазақтың жалпы шежіресі» деген атпен басылған («Іле халық баспасы», 1990 жыл). айтылып отырған «Қазақ шежіресі» жинағының1- кітапінда Шәкерім шежіресі толығымен басылған. Бірақ, бұл нұсқаның кімнен, қайдан алынғаны айтылмаған. Кітапты құрасытырған: Ниымет Мыңжанин мен Әбдірешит Байболатов.
Кітапбай Ақмолдаұлның руы Сарбас, ол кісі 1986 жылы 61 жасына қайтыс болды. Оқыған, білімді адам. Әлгі шежіре кітап қазір оының Шіңгіл қалашығында тұратын ұлы Ғалымның қолында сақтаулы.
Зият Шәкәрімұлының еңбегі жөнінде
Бабаларымыз: «түсі игіден түңлме» деген сөзді бекер айтпапты. Зиятты көріп, одан тікелей тәрбие алған, Мұратбек Мәңкейұлы, Асығат Мәңкейұлы, Уақит Оразов, Сәлімжан және Асқарт Татанаев сияқты үлкендер оның бейнесін былай бейнелейді: бойы ұзын, ерні жұқа, қабағы биіктеу, дөңестеу қыр мұрынды, дөңгелектеу көзді, ширатпа қара мұрт қойған, қара торы жігіт болатын. Сақалын сәндеп, самай шашына тұтастырып қоятын, қыста қара түлкіден тіктірген арғын тымақ, саптама етік, жазда кастюм-шалбар киіп, ретті жүретін.
Ол мәдениет қызыметкері еді, курс оқыған мұғалімдерге сабақ беретін, онан қалса, көбінесе оқушылардың сабақтан сыртқы мәдени қимылдарын ұйымдастырып отыраты.
Жиен ағамыз Уақит айтады: 1935 жылдың қысында біз Сарсүмбеде бастауыш мектеп оқып жүрген кезімізде Зият «Шал мен баланың айтысы» деген шағын комедия жазып, мені баланың, Рәшатты шлыдың рөлін алып шығыуға дайындады. Оны біз жаттап алып сахынада орындадық.
Сөзі мынау:
Бала:
Ассалаумағалайком, аман ба ата, мал мен бас?
Шал:
Уағалайкомассалам, қайдан жүрсің балақаш?
Бала:
Ата қайдан келесіз, жоқ іздеген адамдай?
Шал:
Қара бураны іздеп шығып едім,
Қайдан көрдің қарақ-ай?
Бала:
Сіздің бура әне тұр, басы қара қазандай.
Шал:
Өзің қайда барасың, қолдағы қағазың не қараған?
Бала:
Оқуға барам жан ата, ашылды мектеп жаңадан.
Ойнап жүріп не табам жүгірумен даладан.
Шал:
Оқуға барам дейсің бе? Айтшы қане қайтадан,
Әуре болып бейшара-ай, миыңды босқа шайқаған.
Бала:
...
Шал:
Оқымай-ақ сенің әкең залың (мәнсәп аты) болған еді ғой.
Надан болып жүрсе де, елден талай жеді ғой.
Бұрынғы ескі өкімет залың, залың деді ғой,
Бұзыласың қарағым, оқуды таста, енді қой!
Бала:
Олай емес ата,
Ұрсаңызда айтайын, бұл сөзіңіз қата.
Мен оқысам адам боп ата-анамды асыраймын.
Оқуға әбден жетілсем, надандарға бас ұрмаймын!
Зият жазған екінші комедия «бала мен әкесінің айтысы»:
Шал:
Балам, аман ба? Не хабар бар қалаңда?
Бала:
Қала өте жақсы, оқып-үйреніп жатыр
Жақсы менен жаман да,
Жұрттың көзі ашылды осы жаңа заманда.
Шал:
Бұрын біздің тұста оқу болмаған,
Сонда да Құай қорғаған,
Ол кезде жұрттың көзі соқыр ма еді,
Не айтып жүр мына оңбаған!
Бала:
Ойбай әке, онда халық надан,
Қиянант, зорлық істеген һаман.
Шал:
Бұзыласың қарағым, оқуыңды енді қой!
(шал шығып кетеді)
Бала:
Әкем кетті болқтап, реті келсе соқпақ,
Сексендегі кәрі шал не қылады
Байқұс-ау ескілікті жоқтап.
Қой, мен енді не етем?
Бүгін кетсем қалаға ертең ерте жетем.
Қырда жүрсем қой бағып, надандықта өтем,
Бұзылды деп ұрсады кәрі әкем мен шешем.
Тағы шатақ шығады, қарсы бір сөз десем.
Осы оқу пайдалы, іздеймін ғылым, кетем,
Кетпеуге енді болмайды, тәрбиесіз осем.
Көне мен жаңаның күресін Зият өспірімдердің оқуына жеңіл, жаттауына ықшам осындай ұйқасыты сөздермен бейнелепті. Зият сол тұста 13 жастар шамасындағы бала Мұратбекке бір декламатция жазып берпіп айтқызған. Оның есте қалған алғашқы жолдары мынадай:
«Бұл Алтай өнер-білім қайнаған жер,
Бойынан надандықты айдаған жер.
Көз ашып, мәдениет жолын танып,
Ғылымға белін бекем байлаған жер.»
«осы декламаткияны сахынада айтқан мен ұмытып қалыппын. Бірақ, 40 жылдан кейін маған Алағақта кезескен Қайболла деген сексендегі шал осыны түгел біледі екен. ол бұрын Шәріпханның қорғаушы әскері болып жүргенде жаттап алыпты. Амал қанша, қазір ол кісіде бақилық боп кетті» дейлі Мұратбек мұғалім.
Зият тағы осы Мұратбек Мәнкейұлына «Мен кіммін?» деген тамаша өлең жаттатып, сахынаға шығарыпты. Оны Мүкең ұмытыңқырап қалса да, інісі Кәзім толық біледі екен, айтып берді. Біз мұын Мағжан Жұмабаев жазған өлең болар деп жорамалдадық. Өлең мынау:
«Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?!
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар.
Көкте күнім, көпке нұрым шашамын,
Көңіліме алсам қазір ғарышқа асамын.
Шетң, түбі жоқ теңізбін қара көк,
Ерігемін, толқы, шалқып, тасамын.
Жалынмын мен, жақын келме жанарсың,
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайымым жоқ,
Көз қырыммен күлп қана қарармын.
Мен өлмеймін «Менікі» де олмейді,
Надан адам өлңм жоғын білмейді,
Өзім патша, өзім қазы, өзім би,
Қандай ессіз «не қылдың» деп тергейді.
Мейірленсем сегіз жұмақ қолымда,
Қаһарлансам тамұқ даяр жолымда.
Жоқ жақыным, Жасағандай жалғызбын,
Мен бе билер әлсіз адам ұлына.
Өзім – Құдайғ табынамын, өзіме,
Сөзім – құран, сиынамын сөзіме.» келесі бір кезекте Зият, оқушысы Уақитқа «Иттер достығы» деген өлең жаттатып, сахынаға шығарыпты. Бізше бұл А.Байтұрсыновтың «Ұрық мысалынан» алынса керек. Уақит ағаның есінде қалуы бойынша өлеңнің толығы мынау:
«Бір байдың төріт көз, мойнақ төбеттері,
Өздері итте болса әдепті еді.
Түнде үріп, күндіз үрмей жай жататын,
Болады әдепті иттың әдеттері,
Түс мезгіл екі төбет тойып жатып,
Кемпір наз-өкпелерін қойып жатып,
Ас үйдің алдындағы күн шуақта,
Сөйлесті, әр нәрсенің басын шатып.
Сөз қылды жақсылықты, жамандықты,
Жомарттық, мырзалық пен сараңдықты.
Достықтың, дұспандықтың дайын сөйлеп,
Қолға алды татулық пен араздықты!
Не келіп, тірі жүрсең не кетпейді,
Араз боп екуімізге не жетпейді?
Біз тұрғой, ақсақ құтпан жамандар да,
Тату ғой арасынан қыл өтпейді...
«Төріт көзім, мойнекем» деп бірін –бірі,
Достасып, құшақтасып, құрметтейді.
Екеуі бірін –бірі сүйді, құшты,
Қызығы басылмаған достық күшті.
Ас үйден лақтырылған бір омыртқа
Солардың нақ жанына келіп түсті.
Көрген соң майлы сүйек ит тұра ма?
Құшағын жайып ала жүгірісті.
Достықты, айтқан сертті былай қойып,
Екеуі бір –біріне салды тісті.
Досты дос мұнан артық қалай силар,
Жүндері бұрқыраған аспанға ұшты.
Су құйып үстеріне жиылған жұрт,
Екеуңн зордан-зорға айырысты.
Иттерге таласса да жарасады,
Әйтпесе ит әдеттен адасады.
Дос болған адамдарға қарап тұрсаң,
Биік пен теңеп болмас аласаны.
Сүйектей арасына нәрсе түссе,
Иттерден олар артық таласады.» бұл өлең осы заман адамдарына да тәрбиелік маңызын жоймаған, жақсы өлең ғой.
1940 жылдардың ішінде біз бастауыш мектеп оқып жүрген тұста осы мысал өлең бастауыш мектеп оқулығында бар еді. Жоғарыдағы екі өлең біздің шамалағанымыздай Мағжан мен Ахаң жазған өлең болған күнде де, оны нәсихаттап, Өр Алтайға таратқан еңбек Зияттікі болмақ.
Онан тағы Зият «Екі бөшке» дегенді менің туған ағам Масғұтқа, «Маймыл мен айна» деген мысал өлеңді Сәлімжан ағайға айтқызған екен. «Маймыл мен айна» Криловтың мысал өлеңі екенін Асығат Мәңкейұлы анықтап берді. Ол кісі тіпті, орысша негізгі нұсқасын да, қазақша аудармасында жатқа біледі екен. Мүдәрмей айтты:
«Айнаның қарсы алдына маймыл барып,
Айнадан өз суретін көре салып,
Аюға жанындағы күлңп айтты,
Ақырын аяғымен түртіп қалып:
- Аюжан, бері қара мынау перің,
Білмеймін қайдан шыққан мүндай «керім».
Он екі мүшесінің бірі өңді емес,
Көз салып қарап тұрсам әрбір жерін.
Мен бұған титтей ғана ұқсап кетсем,
Ішіме пышақ салып өлер едңм.
Ол рас, бесеу, алтау бар екені,
Кейіпсіз нақ осындай бөлелерім.
- Маймылжан, біраз ғана етсең төзім,
Бар еді бір-екі ауыз айтар сөзім.
Әуре боп бөлелеріңді сынағанша,
Абайлап, қарашы әуел өзіңе-өзің.
Аюдың бұл айтқаны – ақыл досқа,
Бір жүріп, бірге өскен құрбыласқа.
«Алды жөн адасқанның...» деген сөз ғой,
Аюдың бұл айтқаны қалды босқа.»
Зияттың нақ өз туындысынан көпке жария болға болған бір өлеңі «Шын Жаң Алтай газетінің» 1936 жылғы алғашқы сандарының біріне басылған арнауы (газет табылмады). Мұны белгілі ақын, жазушы Асқар Татанаев өз мұрағатында сақтап жүріпті, сол кісіден алынды. Қоса кетерлік бірер сөз: айтылып отырған «Шын Жаң Алтай газеті» деген газетің 1-саны 1935 жылы желтоқсанның 27 күні шығыпты. Бұл Алтай тарихындағы тұңғыш газета, шығарушылар алқасының бастығы сол кездегі аймақтық өкіметтің бас хатшысы Мәңкей Мәмиұлы болған. Асқар Татанаев осы газетті басып шығаратын машинкасының жүргізуші техник қызыметкері екен, сонан көп ұзамай жазушылық пен оқытушылық қызыметпен айналысқан. Ол кісі ұзақ өмір көрді, көп жұмыс тындырды. 1994 жылы сәуірдің 19 күні 89 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Зияттың «Алтай газетіне» жазған арнау өлеңі:
«Жас «Алтай» жаңа ұшып қанат жайған,
Көрініп тұр жарығы анадайдан.
Көркейіп көп жасасын орын алып,
Жоятын надандықты құрал-сайман.
Ортаңа келді баспа басатұғын,
Таратып түрлі жеміс шәшәтұғын.
Оқу-өнер білімнің түп қақығы,
Серпіліп наданшылдық қашатұғын.
Шығарды «Алтай» атты жаңа газет,
Оятып халық көзін ашатұған.
Алтай кәрі болғанмен, білгенің жас,
Балалыққы жолама енді одан қаш.
Бірлік ұылғ пұл аяма қолыңды ұста,
Біржеңнен қол шығарып жағадан бас.
Басқышқа жаңа шықтың қадам басып,
Тұтқасын ұста, ғылым есігін ашып.
Езіліп үйде отырып күн өткізбей,
Халыққы қызымет ет ендігі жас.
Тілегім, шын жүрегім, хақ ниетім,
Еңбек ет, шаруа көркейт, ілгері бас.
Көрмеген өнер-білім бұрын халық,
Ин жүрген көшіп-қоныпғ малын бағып.
Білімге барлық шаруаң байланысты,
Алсаңдар тәжірбие ойға салып.
Иен көшіп, еңбексіз өт, қымыз ішіп,
Қазақтың қараңғыда қалуы анық.
Әр нәрсе өз-өзінің заманында,
Құша келді бізді бүгін заман ағып.
Әділ заң, төре тезің құрулы тұр,
Нұрлы күн сәуле беріп, нұрлы жарық.
Білімге толы адам бел байлайды,
Өнерсіз елің жоқ деп, түрін танып.
Қолданып Сүниятцын (Сүн Жоң Сан)*салған жолын,
Ел болып, ұатарға ендік теңдік алып.
Жаңа Алтай құттық айтып қадамыңа,
Басқарған алғыс айтып адамыңа.
Жәрдемге қолбасшылық жол сілтеген,
Көп рақмет Шашың жың жаң тарабына.» (Шашың жың жаң деп сол кездегі Алтайдың уәлиі және әскеи қолбасшысы Шарыпқанды айтып отыр).
Шарыпхан 1935 жылы Совет одағынан баспа машинасын алдырып, Алтайда тұңғыш рет баспа заводын құрды. А.Байтұрсынов емілесі негізінде «Шын Жаң Алтай газетінің» жығарылды. Бұл Алтай ғана есем, Шын Жаң қазақтарының мәдениет тарихында елеуді оқиға болған еді. Зият осы газетті шын жүрек, хақ ниетімен құттықтап, жаңағы өлеңді жазды. Кебір деректер бойынша оның газетке басылған басқа да өлеңдері болған сияқты.
«Сүйікті жұрт иесі қаһармандар,
Еншіалла, жұртыңызға атар таң бар.
Майданы баспасөздің жаңа туды,
Бұл істе тексеретін үлкен мән бар» деп басталатын тағы бір өлеңі басылған еді. Бұл недәуір ұзақ өлең болатын дейді небәрі тірі куәшіміз Уақит Оразов.
«Зият «Аюбай»деген песада жазған. Мұнда құлқынын ғана көздейтін надан байлардың дөрекі қылықтарын, әлсіздерді басынып аяқ асты ететін зұлымдығы әшкерленген болатын» дейді Асқар ақсақал. Зияттың «Аюбай», Асқардың «Талап» және «Қалыңмал» деген песелары, Мамырхан мен Әнуәр бірлесіп жазған «Килікбай – күлкі ашар», «Ескі өкімет парақорлары» деген туындылары, оған қоса «Шұға», «Қызжібек» сияқты песелар Зияттың тікелей қатысуымен Сарсүмбенің сахынасында қойылған. Сол 1930 жылдар ішінде газетханада Мырзақымет деген адам (негізі Көкшетау жақтан келген Арған, 1950 жылдары еліне қайтқан) және мұғалімдер қатарында Садық Мұқанұлы деген кісілер тартымды өлеңдер жазады екен. Мәдениет жағында Зият көзге түскен, осы жағына қарады ма екен, ел ауызында: «Абабиат, Маданиат көркейтер Мырзақымет, Садық, Зият» деген сөз мәтелге айналған.
1934 жылы Зият үлкендердің талабы бойынша әкесінің түр-тұлғасын өлеңмен сипаттап жазады, Ғаппас Амантаев деген суретші соған негізделіп Шәкәрімнің суретін сызып шығады және жақсы келтіреді. Алмал қанша, Зияттың бұл өлеңін және сол өлеңге бойынша сызылған суретті табу мүмкін болмады. Осы белгілерге қарай отырып, Зияттың қызымет етудегі мақсаты – Абай атасы айтқандай: «Тіл ұстартып, өлең шашпақ, наданның көзін қойып, көңілін ашпақ» болғандығын кесіп айта аламыз. Ел есінен оның ізгі істері көтеріліп кетпеуіне қарағанда, ол белгілі дәрежеде мақсатына жеткен. Зият Шәкәрімұлы Алтайда және Үрімжіде небары бес жыл, ал, қоғамдық қызымет шебінде төріт жылдай ғана бола алды (1937-1943). Осы қысқа уақыттың ол Алтай қазағына Абай мен Шәкәрім сынды алыптарды үгіттеп, олардың шығармаларын таратты. Өзі де қалам ұстап, аз да болса әдеби мұра қалдырып үлгірді. Алтай оқу-ағартуының мұғалімдер қосынын дайындау жолында елеулі үлес қосты. Бірақ, зұлым өкімет оны халықтан ұрлап жоғалтты.
Ойшыл, философ Аристотел: «Тегінде қаруланған әділетсәздәктен құбыжық ештеңе жоқ» деген екен. Сол құбыжықтар тарихта бір мезгіл дәурендеседе, ақыры жұрт қарғысына қалды. Олар сұған қадаған дарындылар азаппен өлтірілсе де, жұрт алғысын алды, бұл да тарихтың заңы секілді.
Өо Алтайда осындай данын иелерін танып, оларды қамқорлығына алып отырған және ел қажетіне пайдалана білген бір орын болды. Бұл Мами бейісі ауылы деп аталады. Мәми бейісінің әкеі Жұртбай, атасы Көкен де би, Көкен Жәнтекейдің Базарқұл руынан шыққан адам. Оның төре тұқымынан емес, қара халықтан шығып би болуы 1836 жыл. Сол жылы бүкіл Абай Керек рулары өзіне төоіт би сайлап алған. Осы төріт би сайланған жылды біреулер қазір не ары, не бері айтып жүр. Анықтығына бір дәлел айта кетейік: 1876 жылы орыс саяхатшысы Г.Н. Потанин Өр Алтайды басып өтіп, батыс солтүстік Моңғолияны зерттегені мәлім (саяхат келесі жылға дейін жалғасқан). Осы жылында Г.Н. Потанин Көкен бидің үйіне түсіп, одан қай жылы би болып сайланғанын сұрайды. Сонда Көкен бидің тура 40 жыл болыды деп жауап бергенін Г.Н. Потанин өзінің «Солтүстік батыс Моңғолия» деген кітапында жазып қалдырған. Анығы ол тұста билікті Жұртбай айтады екен. Көкен көп жасаған кісі болғандықтан ел «Кәрі би» деп атап кеткен. Көкеннің немересі Мәми де 30 неше жыл ел билеген, бейісі атағын алуы кейінірек (1913-1914 жылдар). Мәми 1856 жылы туған. 1920 жылы қайтыс болған. Мәми бейісінің адамдық қасиетін, ой-пікірінің тереңдігін, ел ісін шешім етуге шеберлігін дәлелдеп беруге мен секілді кез келген адамның қарымы жетпейді. Бұрынғылар «Абақ Керейдің ақылы – Мәми, айбары – қара Оспан» дейді екен. Әсет ақын (Найманбайұлы) Мәми бейісінің өліміне арнаған көңіл айту хатында «енші алған ақылынан он екі Абақ» дейді. Тағы мынадай сипаттама береді:
«Ұлысын адастырмай бастайтұғын,
Алыстан дұспан келсе саспайтұғын.
Дәулет, мансап, кісілік желігіне,
Қаны қызып, бойы ысып аспайтұғын.
Зор панар адасқанның шамшысы еді,
Шабанның қасиетті қамшысы еді.
Тілі – балға, көңілі –төс, ауызы – қысқаш,
Наданның мінін кескен қайшысы еді.
Керейдің малын бақпай өзін баққан,
Әрі би, әрі иесі – жалшысы еді.»
Осы Мәми бейісіге Шәкәрім қажы екі рет хат жазып, жақсы байланыс жасағаны туралы тым анық болмаған деректер бар: бірінші, Шәкәрімнің шежіре жазуға дайындық көріп жүрген кезінде болған сияқты. Шәкәрімнің өзі де айтқан ғой: «Абай марқұм тірі кезінде ел – елге адам жіберіп, шежіре материялдарын жинатқан еді» деп. Сол ретте Абақ Керекге тән шежірені Мәмиден сұратқан болуы әбден мүмкін. Әйтеу аңызға айналған мынадай сөз бар екенін көп адам айтады: «Шәкерім қажы Мәми бейісіден: сіздің нағашы жұртыңыздың кім болтынын білгіміз келеді? – деген екен. Мәмең: біз Мұхаммед пайғамбармен қарын бөле боп келеміз – деп жауап беріпті. Бұл жерде астарлы сөзбен қағысу бар. Мәмидің атасы Көкен би моңғыл қызынан туыпты, Шәкәрім Мәмиді «осы әжесінің мұсылман болмағанын айтар ма екен» деп сынап отыр да, Мәми Мұхаммед пайғамбардың да шешесі мұсылмен болмағанын көлденең тартып әрі шындықты айтса, әрі «онда не тұр?» деген ұтқыр жауап беріп отыр. Бұл Мәмидің шешендігін аңғартады. Екінші, Шәкәрімнің Мәмиге өлеңмен жазған хаты бар екен. Бұны біздің Алтай жақта естіген адамдар болса да, айтып бере алатын адам табылмады. 1947 жылы Ыбырайымбай деген полквник әдейі Мәми ауылына амандаса келіп отырып, осы өлеңді жатқа айтып беріпті. Ал, оны Мәми ұрпақтары жазып ала алмапты. Сұрастырсақ Ыбырайымбай Іледегі Қорғас ауданының адамы екен. Руы Суан, 1947 жылдары оның әскери шені маиор, кейін аға палковник болыпты. 1959 жылы не 1960 жылы шамасында Қазақстанға кетіпті. Алматы облысында болуы мүмкін. Оның мекен жайы табылса әлгі өлең де табылып қалар деген ой ғой. Бұл жерде адамды қызықтырарлық бір нәрсе: Шәкәрімнің бұрын басылып көрмеген осындайөлеңдері бұрынғы Жетісу және Іле өңірлеріне қалай барып, қанша мөлшерде тарады екендеген сұрақтың жауабы. Міне осы бар қазақтан бұрын ауылына «Абақия» деген мектеп ашып, ауылды Абақ Керейдің әкімшілік билік орталығы ғана емес, мәдениет орталығына айналдырды. Алыс-жақындағы оқыған, білімді адамдарды ұлтына, діндік сенімі сияқтыларына қарамай бауырына тартып пайдаланды. Кейбіреулер Мәмидің атақ-абройын естіп, өзін іздеп келді. «Абақия» мектепінде бұрын соңды өзбек, татар, башқұрт, түрік, ұйғұр, орыс, қазақ сияқты жеті ұлттың жоғары білімі бар зиялылары оқытушылық істепті.
Жоғарыда айтылған Сейітқазы мұғалым солардың бірі, саяхатшы В. Сапожников Мәми бейіс ауылына болған кездерінде (шамамен 1905 жыл) мұғалімдік степ жүрген Шәкер деген адаммен сөйлеседі. Оның ұлты Түрік, ал, орысша, арабша тілдерге ағып тұр, тіпті француз тілінде біледі екен. Ол Стамбула жоғары мектеп оқығанын айтып берді. Осындай сан-салалы білімді адамдардың шалғайдаңғы қазақ сахарасынан кезігуін саяхатшы өзінің саяхат естелігінде қызыға жазып қалдырған.
Бартін, 1930 жыладрдың ішінде Қаратайдың болысы Әбдікерім бала-шағасымен бір мезгіл Мәми бейісі ауылында болады. Оның оқымысты ұлы Шабдан Мәңкейдің Мұратбек, Асығат деген ұлдарын үйде орысша оқытады. Музика жағынан сауаттандырады. (тәрбиелі, зерделі осы ұрпақтарға бұл мақаланың авторы көптеген деректерді тауып бергені үшін рақымет айтады). Бұл жай мысал ғана, бұдан басқа ьолып жатқан ұлағатты ұстаздар болған. Мәмидің аталары, өзі және ұрпақтары ұлттық, тіпті ел аралық келелі стерге көп араласқан, бұл өз алдына үлкен бір тақырып. Өр Алтайдағы қазақтардың тарихы, мәдениеті зерттелсе, Мәми бейісі ордасына соқпай өту мүмкін емес.
Көне сүрдекпен «феодал» деген қалпақты кептеп кигізе бермей, олардың тарихи орнына обиектив және белсенді баға беру керек. Абай және оның төңірегіндегілер де осындай зардапты тартқан. Бұл халыққа пайдалы болды деп ешкімде айта алмайды. Шәкәрім жазықсыз өлтіріліп, балалары түгел зияанкестікке ұшыраса да, ақыры әділет салтанат құрды. «аққа пәле жұғар деп қылман қауып» деп ақынның өзі айтқандай болды. Шәкәрім өмірінің соңғы шағында өзінің Ахат деген ұлына тәлім беріп: «мынадай уақыт кезігу де мүмкін, сен өмір сүру үшін біреуді ұстап беріп, тірі қалуды көздейтін, мұндай істен сақтан. Адал өл. Егер өткелге кісі салып өтсең тіріде өзім, өлсем аруағым разы болмайды» депті (Ахат Шәкәрімұлының естелігінен, «Жұлдыз» 1992 жылғы 1-сан).
Шәкәрім шығармаларын оқыған адам оның тәлімдерінің негізгі рухы адамгершілік, әділет, имандылық және «ноқтасыз ой», «сау ақылға» сүйеніп жаратылыс сырын байқау, тану екендігін көре алады. Осылайша ойшыл ақын соңғыларға сөнбейтін шұғылалы шырақ жақты. Қазақта ескіден келе жатқан «періште жаққан шырақты шайтан үрлеп сөндіре алмайды» дейтін сөз бар. Тарих мұның да жаны бар сөз екенін дәлелдеп отыр. Абай мен Шәкәрімнің әдеби мұрасы олар жаққан шырақ қой. Қаскөйлер өшігіп қанша жер сабағанымен әулиелеріміздің шырағы да, ізі де өшпек емес.
“The Qazaq Times”