Ауғанстан жеріндегі АҚШ пен НАТО күштеріне бағытталған шабуылдар жиілей түсті. Бір күн бұрын Газна провинциясындағы болған шабуылда америкалық 3 жауынгер қаза тапқан.

НАТО мәліметіне қарағанда, шабуыл жол шетіне орнатылған бомба арқылы жасалған. 3 адам қаза болып, 3 адам жарақат алған. НАТО күштері, 24 сағатқа дейін жауынгерлердің аты-жөні мен жеке басына қатысты информацияларды жария етпейтінін білдірген.

Мәліметте, шабуыл жасаушылар Талибан қарулы топтары екені айтылған. Қазір Талибан күштері АҚШ қолдауындағы үкімет күштері мен америкалық әскери тұрақтарға шабуылдарын жиілете түсті. Онысы ел тұрғындарына өздерінің күш-қуатын көрсету үшін жасалған делінеді. Дегенмен, Құрама Штат пен Ауғанстан үкіметі тәліптерді келіссөзге шақырып келеді.

“The Qazaq Times”