Қазақстан Киев пен Мәскеу текетіресіне қатысты өткен БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Ресейдің ұсынысын емес, Керчте болған оқиғаны талқылауды қолдап дауыс берді. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров: «Керчь бұғазындағы жанжал аймақтағы тұрақтылыққа кері әсер етеді. Қазақстан сондықтан Ресейдің туындаған жағдайды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде талқылау ұсынысына дауыс берді. Бұл – мемлекетіміздің Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі ретінде халықаралық қауіпсіздік мәселелерін қандай тақырыппен болса да талқылауға ашық екенін көрсетеді», – деді. Сонымен қатар, Қазақстан Украина ұсынған күн тәртібіндегі талқылауды да қолдап дауыс берген.
Айта кетейік, кеше БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Мәскеу ұсынған «Украинаның Ресей шекарасын бұзуы бойынша» отырыстың күн тәртібін мүлде қабылдаған жоқ. АҚШ пен Ұлыбританияны қоса алғанда жеті ел Ресейге қарсы дауыс берген. Ал Қытай, Қазақстан және Боливия Ресейді жақтаса, төрт ел қалыс қалды.