Өзбекстан қарулы күштері ауқымды әскери оқу-жаттығу жұмыстарын бастады.

Қараша айының 26-ы күні Өзбекстан армиясы президент Шавкат Мирзиеевтың бұйрығы бойынша әскери оқу-жаттығу жұмыстарын бастады. Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығу жұмыстары бес күнге созылады және төрт этаптан тұрады. Оқу-жаттығу жұмыстарының басты мақсаты Өзбекстан қарулы күштерінің әскери қуаты мен ұрысқа дайындығын тексеру.

Жергітікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Өзбекстан армиясының бұл жолғы ауқымды әскери оқу-жаттығу жұмыстары осы уақытқа дейін болған масштабта өтуде. Осы жолы Өзбекстан қарулы күштері президент пен ел халқына өзінің бар күш-қуатын көрсетпек.

"The Qazaq Times"