Талибан радикалды тобы Ауғанстанның батыс аймағында орналасқан Фарах әкімшілік аумағына шабуыл жасады. Аталған ұрыс кезінде 22 тәртіп сақшысы қаза тауып, тағы да 5 полиция қызметкері жараланған.
Әуел баста Америка Құрама Штаттарының жақтасы болған Талибан ұйымы, былтыр Ресеймен одақтас болуға ниет білдірген еді. Радикалды ұйымның мұндай шешім қабылдағаны көпшілік үшін үлкен жаңалық болғандығы белгілі. Тіпті, бұл келіссөздерге өзіндік пікірін де ашық айтқан болатын. Сол кезеңде Талибан ұйымы Ресей шегарасының қауіпсіздігіне кепіл беріп, Сүриядағы Игил жасағы ортақ жауы екендігін де мәлімдеген.
Биыл Мәскеуде өткен бейбітшілік келіссөзіне Талибан ұйымының 4 өкілі қатысатындығы белгілі болған. Алайда, Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі бас тартқаннан кейін Талибан жағы да шақыртудан бас тартатындықтарын жеткізді.
Жалпы, АҚШ-пен арадағы ынтымақтастығы жоғала бастаған радикалды топ, енді Ресейге қарай бет бұруда. Бірақ, содырлардың сүреңсіз саясатты ұстап отырғандығын байқаған Федерация әлі нақты бір шешім қабылдай қойған жоқ.