АҚШ үкіметі одақтас елдерінің интернет-операторларын қытайлық Huawei байланыс құрылғыларын пайдаланбауға көндіруде. Бұл туралы америкалық танымал басылым The Wall Street Journal бір күн бұрын көлемді мақала жариялады.
Қытайлық ірі технология компаниясы саналатын Huawei жақында Құрама Штатта қатаң тексеруден өтті. АҚШ барлау қызметкерлері мен өзгеде ресми тұлғалардың айтуынша, Huawei қатарлы технология компаниялары Қытай үкіметінің шетелдердегі тыңшылық мүмкіндіктерін және соған тәуекел ету мүмкіндігін арттырады.
Аталған басылымның құпия дереккөздерге сілтеме жасаған хабарында, АҚШ үкіметі лауазымдыларының Huawei жабдықтарын кеңінен пайдаланатын одақтас елдердегі мемлекет қызметкерлері және телекоммуникация саласының басшыларымен тығыз байланыс орнатып отырғанын айтады. Әрі, оларға желі қауіпсіздігінің маңыздылығы туралы ескертеді.
АҚШ үкіметі қазіргі уақытта қытайлық технологияларға көбірек сүйенетін мемлекеттердің аталған саладағы дамуын қолдау үшін қаражат бөлу ісін қарастыруда. Былайша айтқанда, өзіне одақтас елдерді Қытай технологияларына тәуелділіктен арылту үшін, сол елдің технология саласының дамуына қолдау көрсетеді.
Құрама Штат, әсіресе, Германия, Италия және Жапония секілді АҚШ-тың маңызды әскери базалары бар елдерде қытайлық телекоммуникациялық құрал-жабдықтардың пайдаланылуынан ерекше алаңдайды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Бесеудің соты: Қазақстандағы жаңа саяси репрессияның көрінісі