Пәкістандағы Қытай елшілігіне шабуыл жасалды.

Geo TV телеарнасының мәліметінше, қарашай айының 23-і күні таңғы сағат 9:30 шамасында Карачи қаласындағы Қытай консулдығына белгісіз төрт адам шабуыл жасаған. Салдарынан екі полиция қызметкері жарақат алып, шабуыл жасаған төрт адамның біреуі көз жұмған.

Әзірге белгісіз төрт адамның консулдыққа не үшін шабуыл жасағандығы белгісіз. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Карачиде болған оқиғаға «террорлық шабуыл» деген баға беруде. Бірақ осы уақытқа дейін ешқандай лаңкестік ұйым шабуылды өз мойнына алған жоқ.

"The Qazaq Times"