АҚШ Теңіp армиясының «Рейган» ұшақ тасымалдаушы кемесінің Гонконгке баруының алдында, яғни осыдан бір күн бұрын, АҚШ Әуе күштерінің екі бірдей B-52 стратегиялақ бомбалаушы ұшақтары Оңтүстік Қытай теңізінде шарлау операциясын өткізді. АҚШ қорғаныс тараулары бұл әрекетін аталған даулы су айдынындағы еркін навигацияны қорғау және кеңістігіндегі ұшу жолдарының жалпыға бірдейлігін қорғау деп түсіндірді.

АҚШ-тың Тынық мұхит әскери қолбасшылық Бас штабы таратқан мәліметтерде де B-52 бомбалаушы ұшақтарының Оңтүстік Қытай теңізінде жаттығу операциясын өткізетінін растаған. Бұл ауыр тұрпаттағы бомбалаушы әскери техникалар Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери жаттығуға қатысу үшін, АҚШ-тың Гуам аралындағы Anderson Air Force Base-ден базасынан ұшып шыққан.

АҚШ әуе күштері жасаған мәліметте, бұл әскери әрекеттері халықаралық құқықтар мен Құрама Штаттардың Тынық мұхит аймағының еркін және ашық болуын ұзақ мерзімді қамтамасыз ету міндетіне сай келетіні ескертілген.

АҚШ әрекетінен кейін Бейжің тарабы жедел мәлімдеме жасап, кезекті әскери операцияларды айыптады. Қытай үкіметінің пікірінде, Құрама Штат осындай әрекеттер арқылы Оңтүстік Қытай теңізінде милитаризация жасауға тырысып отыр.

Бір күн бұрын Құрама Штат қарулы күштері таратқан хабарда, «Рейган» ұшақ тасымал кемесі Филиппин суларында өзінің жауынгерлік кемелер қосынымен міндет атқарып жүргенін айтқан еді.

АҚШ пен Қытайдың теңіздегі бәсекелестігі осындай әрекеттер арқылы күн сайын шиеленісті жағдайға қарай дамып бара жатыр. Қытай Оңтүстік Қытай теңізінің басым көп аумағын өзінікі ретінде мойындатқысы келеді. Алайда, оған аталған теңізбен шектесіп отырған алты мемлекет келіспейді. Құрама Штат пен Аустралия Үнді-Тынық мұхиттағы еркін навигацияны, халықаралық ашық су жолын қорғау мақсатында Қытайды тізгіндеп ұстауға тырысады.

“The Qazaq Times”